List/Grid

Термин Subscribe to Термин

Жамарат

Жамарат

Жамарат – Минада үстіртіндегі тас лақтыратын жерлер. Ол үш діңгектен тұрады: жамаратул-кубра (үлкен тас лақтыратын жер, жамаратул-уста (ортаңғы тас лақтыратын жер) және жамаратус-суғра (кіші тас лақтыратын жер).

Бәдәл хаж

Бәдәл хаж

Бәдәл хаж – басқаның атынан қажылық жасау. Шариғатта қайтыс болған және денсаулығы жарамайтын адамның атынан қажылық ғибадатын өтеуге болады. Оны «бәдәл хаж» деп атайды.

Бақиғ мазары

Бақиғ мазары

Бақиғ мазары – Пайғамбар (с.а.с.) мешітінің жанында орналасқан үлкен қорым. Онда Айша анамыз бен Осман ибн Аффан секілді көптеген сахабалар (Аллаһ оларға разы болсын), имам Мәлик және басқа да үлкен имамдар… Толығырақ »

Әфақ аумағы

Әфақ аумағы

Әфақ аумағы – Миқаттың сырт жағы. Қажылық амалдарын бастау үшін ихрамға кіретін бес миқаттан тысқары барлық жерлерді «Әфақ аумағы» деп атайды.

Арафат

Арафат

Арафат – Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан үлкен жазықтық. Ол жазықтың аумағында Рахма тауы бар. Кейбір риуаяттарда Адам ата мен Хауа ана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескендігі айтылған. Көпшілік… Толығырақ »

Иғтиқаф

Иғтиқаф

Иғтиқаф: Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау. Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі бір мезгіл сол жерде қалу.

Ғұсыл

Ғұсыл

Ғұсыл: Араб тілінде жуыну, шариғатта бүтін дененің арнайы түрде толық жуылуы.

Әурет

Әурет

Әурет: Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі екі аяғынан басқа барлық жерлері.

Айт намазы

Айт намазы

Айт намазы: айт намазы ораза және құрбан айт намазы деп екіге бөлінеді. Ораза айт намазы – ай күнтізбесі бойынша рамазан айы біткеннен кейін, шәууәл айының алғашқы күні сәске уақытында оқылатын,… Толығырақ »

Азан

Азан

Азан — «азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық мағынасы: «жариялау», «хабар тарату». Шариғаттағы терминдік мағынасы: белгілі сөздермен намаз уақытының кіргенін жариялау.