List/Grid

Дауысты әріптер Subscribe to Дауысты әріптер

Әфақ аумағы

Әфақ аумағы

Әфақ аумағы – Миқаттың сырт жағы. Қажылық амалдарын бастау үшін ихрамға кіретін бес миқаттан тысқары барлық жерлерді «Әфақ аумағы» деп атайды.

Арафат

Арафат

Арафат – Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан үлкен жазықтық. Ол жазықтың аумағында Рахма тауы бар. Кейбір риуаяттарда Адам ата мен Хауа ана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескендігі айтылған. Көпшілік… Толығырақ »

Иғтиқаф

Иғтиқаф

Иғтиқаф: Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау. Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі бір мезгіл сол жерде қалу.

Әурет

Әурет

Әурет: Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі екі аяғынан басқа барлық жерлері.

Айт намазы

Айт намазы

Айт намазы: айт намазы ораза және құрбан айт намазы деп екіге бөлінеді. Ораза айт намазы – ай күнтізбесі бойынша рамазан айы біткеннен кейін, шәууәл айының алғашқы күні сәске уақытында оқылатын,… Толығырақ »

Азан

Азан

Азан — «азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық мағынасы: «жариялау», «хабар тарату». Шариғаттағы терминдік мағынасы: белгілі сөздермен намаз уақытының кіргенін жариялау.