Пітір садақа мәселелері

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін айт намазына дейін пітірі сақдақсы беріледі. Әрбір мұсылман үшін Рамазан айында жағдайы төмен, жетім жесірлерге немесе мешіттерге арнайы берілетін садақа.

Үстіміздегі 2013 жылы Республика бойынша және Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында  пітір садақа 150 теңге болып белгіленді.

Пітір сөзі (араб тілінде) —  «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақа – күнделікті қолданатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшерінен (85 гм алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіб садақа.

Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан  оразасы парыз етілген жылы уәжіб болды. Яғни баршаға міндет болып саналады.

Пітір садақаны рамазан айының бірінші күнінен бастап, оразаның айт намазы оқылуына дейін беру  керек.

Сонымен қатар, Ислам дінінде мына төрт нәрсемен пітір беріледі. Немесе оның құны төленуі керек.

  1. Бидай немесе бидай ұнының уәжіб болған мөлшері:1 кг.459 грамм. Яки осы мөлшердегі ақшасы.
  2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіб болаған мөлшері:2 кг918 граммнемесе осы мөлшердегі ақшасы.
  3. Құрғатылған  (мейіз) жүзімнің уәжіб болған мөлшері:2 кг918 граммнемесе осының мөлшердегі теңгесі төленеді.
  4. Құрғатылған құрманың уәжіб болған мөлшері: 2кг.918 граммнемесе осы мөлшердегі теңгесі төленеді.

Аллаһ тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін, Әмин!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Өкілдігі 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу