Бахрейн королі «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (ФОТО)

Елордамыз Астана қаласына арнайы іссапармен келген Бахрейн королдігінің шейхы Хамад ибн Иса әл-Халифа бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне кіріп шықты.Сәулеті мен сәні жарасқан құлшылық ордасына алғаш қадам басқан ол сәлем намазын оқып, дұға қылды.

Мешіт ақысын өтеп болған Бахрейн шейхі мешіт ішін аралап, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Әзірет Сұлтан» мешітіне сыйға тартқан ХІІ ғасырдағы Құран қолжазбасымен танысып, күмістен құйылған құран парақтарына көз жүгіртті. Қазіргі заман технологиясымен жабдықталған жаңа мешіттің жамағаты көп болуын тілеген Бахрейн короліне ұлттық дәстүрімізге сай шапан жабылып, қазақтың қос ішекті домбырасы сыйға тартылды.

Толық фоторепортажды Әзірет Сұлтан мешіті сайтының «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан тамашалай аласыздар!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники