Қаттани мешіті: ЕЛУ ҮЙГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қасиетті ораза айындағы сауапты істер жалғасын тауып жатыр. Қаладағы А. Қаттани мешітінің Бас имамы Бақдаулет Абдрахманов Шымқаладағы барлық мешіт имамдарын үш топқа бөліп, үгіт насихат жүргізу,  кері ағымдармен күрес және қайырымдылық іс-шаралар мсәелелесінде жұмыс жүргізуді тапсырған болатын.  Тапсырма берумен ғана шектелмей жұмыстың тиянақтылығын мұқият қадағалаудан өткізіп, өзі де қайырымдылық науқанының бел ортасында жүруде.

Осы аптада Бақдаулет Абдрахманов пен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мешітінің бас имамы Қымбатов Бекайдар бастаған топ әлеуметтік жағдайы төмен елу үйдің есігін қағып жүріп, азық-түлік өнімдерін таратып шықты. Атап айтқанда жәрдемге мұқтаж әр отбасыға13 мың теңгеден нақтылай беріліп,  бір қап ұн, он кг. ет, бір қап картоп, пияз, бес кг. май, он кг. шекер, он кг. күріш және құрма таратылып шықты.

Сонымен қатар,  «Намаз оқып үйренейік» атты кітапты тегін таратып, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйіне тәті сулар мен шоколадтар таратылты.

Шымкент қаласы А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники