Қаттани мешіті: Оңтүстікте атқарылған оңды істер

ҚМДБ Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының биылғы жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялауына орай, еліміздің Оңтүстік өңірінде көптеген жұмыстар атқарылуда.  ОҚО өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің ұйымдастыруы бойынша, А. Қаттани мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдаулеттің  шақыруымен,  Республикалық ақпараттық үгіт-насихат тобы өткен аптада шымқаламызда болды. «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, дінтанушы Ризабек Батталұлы бастаған топ, ҰҚК қызметкерлері, заң орындары, ұстаздар қауымы, медицина мамандары мен жастар арасында қазіргі діни  ахуал жөнінде түрлі насихат айтып өтті. «Дін мен Дәстүр» тақырыбында өткізілген семинар кезінде, сан алуан сұрақтарға жауап беріліп, жастарымыздың теріс ағым ықпалына түсіп кетпеуіне жалпы қоғам болып жұмылу қажеттілігі сөз болды.

Сапар барысында қала мешіттерінің имамдарымен жиын өткізген дінтанушылар қазіргі қоғамда имамдардың мойнына артылар міндеттің ауырлығы мен маңыздылығы айтылды.

-        Аллаһ тағала бізді осындай қасиетті де маңызды міндетке қойғаны үшін шүкір етейік, — деді дінтанушы Ризабек Батталұлы. – Бұл міндеттің сауабы мол болар, бірақ, міндеті де ауыр. Біз барлығымыз ақыретте Жаратушының алдында жауап береміз. Сондықтан әркім өз міндетіне адал болуы қажет.

«Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы дінтанушы Рүстем Мәлікұлы кейбір бауырларымыз айтып жүргендей ата-бабаларымыз «надан» болмағандығын, бабаларымыздың Исламға сіңірген орасан зор еңбегін, әрі дұрыс жолда болғанын, шетелдік ғалымдардың да мойындағанын дәлелдеп өтті.

Сапар соңында бірнеше күн Шымқалада болған Ризабек Батталұлы жамағатқа уағыз айтып, ақида ғылымы бойынша бірқатар сабақтар өткізді.

 

Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники