Болашақ қарилар оқуға қабылданды

 Шырайлы Шымкент қаласында  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұйытқы болуымен ашылған «Ықылыс» Қарилар дайындау орталығында  2014-2015 оқу жылына шәкірттер қабылдау болып өтті.

          Оған арнайы ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, емтихан барысымен танысты.

          Емтиханды аталмыш орталықтың директоры Ықыласхан Майлан, ұстаз-қари Камалжан Юлдашов, Алшер Мадумаровтар қабылдап, сөйлесу түрінде өткізілді. Негізгі талап балалардың жаттау қабылеті мен сабақ үлгерімі назарға алынды.

          Жалпы,  «Ықылыс» Қарилар дайындау орталығына  46 талапкер құжат өткізіп, оның 23-сі  емтиханнан сүрінбей өтті.

          Осы орайда, бұл орталықта шәкірттерге барлық жағдай жасалғанын айта кету керек.

          Біздер болашақ қариларға Алла жәрдемші болғай!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники