Төлеби ауданы: Балаға мейірім сыйла

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде аудандық жастар  ісі бөлімінің ұйымдастыруымен  «Балаға мейірім сыйла» деген тақырыпта қайырымдылық акциясы өтті. Ондағы басты мақсат оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын алуына жәрдем беру. Осы жәрдемге ауданнан 22 оқушы қол жеткізіп, олардың әрқайсысына 5000 теңгеден 110000 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Бұл қаржы қайырымды жандардың мешітке берген қаражатынан қарастырылды. Осы қайырымдылықтың басы-қасында аудан имамы Б. Қалдаров, іс басқарушы К. Ахатов, аудандық жастар ісі  бөлімінің жетекшісі  Е. Жұпанбаев арнайы болды. Сондай-ақ мешіт жамағаты да қатыстырылды. Оқушылар ағаларының қайырымдылық танытып, елеп-ескергендіктері үшін алғыстарын білдіріп, оқу жылына ерекше дайындық әрі ықыласпен барамыз деп уәде берді.

Төле би аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники