Төлеби ауданы: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА

Төле би аудандық «Нұр» мешітінде аудан имам-молдалары арасында ауқымды жиналыс өтті. Аудан имамы Б. Қалдаров өкілдіктен берілген бірқатар тапсырмаларды имамдарға таныстырып, оның орындалу жүйесін жоспарлау мәселесін де ортаға салды. Бұл жиналыста биылғы жылғы Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге ерекше маңыз аударылды.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағандығына орай мұсылмандардың қуанышты екі мейрамының бірі Құрбан айтты ұлттық салт-дәстүрімізбен сабақтастыра отырып өткізуге атсалысу мәселесі қызу талқыланды. Құрбан айтқа орай спорттың ойындардың түр-түрінен жарыстар ұйымдастырылатын болды. Сондай-ақ жарыста оза шауып, белсенділік танытқандарға арнайы жүлделер тағайындайдау да шет қалған жоқ. Бұл Құрбан қарсаңына қарсы ұйымдастырылған алғашқы шара болып табылды. Биылғы жылғы Құрбан айт осындай ерекшеліктермен жоғары деңгейде аталып өтпек.

тлб001

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники