«Н.Төреқұлов» мешіті

«Н.Төреқұлов» мешіті Түркістан қаласында Алматы-Қызылорда тасжолының бойында орналасқан. Ол қазақтың біртуар азаматы, тұңғыш дипломат Н.Төреқұлов атымен аталады. Мешіт 2003 жылы асарлатып салынған. Ғибадат үйінің жалпы көрінісі Түркиялық мешіттерді көзге елестетеді. Мешіт алаңы 50 сотық жерді алып жатыр. Ауласына тас кілем төселген және мешіттің сәулетіне сай оюланған темірлермен қоршалған.

Мешітке 9 баспалдақпен кіреді. Мешіт екі қабатты, ауқымы 22х13 метр (286 шаршы метр), бір мұнара және екі күмбезі бар. Мұнараның диаметрі 3 метр, биіктігі 15 метр. Үлкен күмбездің диаметрі 9 метр, кішісі 4,5 метр. Күмбезі көк түсті. Мешіттің биіктігі 8,5 метр, қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланған. Іші және сырты евро үлгіде әшекейленген. Мешіт 200-250 адамға арналған. Жылу жүйесі еден асты және қабырғаларымен электр энергиясы көзімен жылытылады.

Михрабы Құран аяттарымен безендірілген. Мешіт ішіне үш ұстын орнатылған. Мешіт еденіне ирандық жасыл түсті ковролан төселінген. Мешіттің есік, терезелері пластикалық металдан орнатылған. Сыртқы есіктері екі жаққа қарай ашылады. Бірінші қабатта үлкен намаз оқитын негізгі зал мен кіші қосалқы бөлме, екінші қабатта үлкен залды жартылай айнала орналасқан балкон және кіші қосалқы бөлме орналасқан. Медресеге арналған жер асты бөлігінде сабақ оқитын, жататын, асхана, имам бөлмесі және аяқ киім шешетін бөлмелер бар.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , ,

Пікір жазу