Зікіршілер дегеніміз кімдер?

Елімізде соңғы кездері діннің атын жамылған кереғар ағымдар көбейіп кетті. Солардың бірі – зікіршілер болып отыр. Бұларды сондай-ақ, исматуллашылар, ясауишылар, сопылар деп те атайды. Төменде бұл ағым және оны ұстанушылар жөнінде жан-жақты әрі нақты мағлұматтар келтіріліп отыр.

Исматулла деген кім?

Исматулла Мақсұм – қазақстандық зікіршілердің рухани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп айтады, «қасиетті әке» санайды, жамағаттың әрбір мүшесі оған құлдық ұрып, қолын сүйеді.

Анығы Исматулла 1944 жылы туған, ауған-пәкістандық азамат. Қазақстан азаматтығын алған-алмағаны белгісіз.

Исматулланың бұған дейін кім болғаны, не істеп, не қойғаны, не кәсіппен айналысқаны туралы ақпарат жоқтың қасы. Бірақатар деректер оның кеңес-ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болғандығын айғақтайды.

Исматулланың Қазақстанға келуіне бір себепші болған адам – Ғалым Боқаш. Ғ.Боқаш Алматы қаласы әкімінің бұрынғы идеология жөніндегі орынбасары болған. Бұған дейін ол “Қазақстан” ұлттық телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясын басқарды, апталық «Мезгіл» хабарын жүргізді. Қазіргі кезде шетелде оқу орнында оқып жатыр.

Исматулланы ашық қолдап, жұмыс жүргізушілердің, қолдаушылардың қатарына Нарымбай Разбекқажыұлы, Саят Ыбырай, Еркін Стамшалов, Санжар Керімбай сияқтыларды жатқызуға болады.

Зікіршілердің негізгі мақсаттары мен міндеттері

Зікіршілер Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін қасиетті Құранмен қатар ұстайды. Алқа қотан отырып зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары қояды. Сопылар өздерін “жамағат” деп, басқаларды “жамағат емес” деп бөліп қарайды. Тіпті соңғы кезде ясауишілердің өздерін “Мәдінің сарбазымыз” деп, ақирет күнін жақындатуы да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады. Соған қарап, мұндай ұйымдарда діни-ахлақи насихаттан гөрі саяси пиғылдың басымдығын көруге болады. Дінтанушылар  пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар,

Біріншісі, діни сауаттылықтың жетіспеушілігі;

Екіншісі, дүнияуи қажеттіліктерге бой ұрушылық жағдайлары.

Зікір ұғымы Құранда бар. Зікір (зикр) – құдіретті жаратушы Алланы еске алып, еске тұтып журу деген мағынаны білдіреді. Бірақ бұл ұғымның мағынасын кейіннен пайда болған мистикалық секталар өзгертіп, зікірді енді «еске алуға жіберудің техникасы мен әдісіне» айналдырады (Ислам. Энциклопедический словарь. – Москва, 1991.,77-бет).  Сөйтіп, уақыт өте келе суфизмнің ең қатал, тоталитарлық ордендері зікірді «еске алудың медитациясы» деген ұғымға ұластырады. Кейінен «жүректі тазалау» деген мистикалық ұғым пайда болған. Сопырлар үшін зікір – адмның рахатты күйдегі трансқа түсуі болып есептелген. Тіпті кейбір секталарда адамның жүйкесіне әсер ететін есірткі шөптер, кофе, наша, алкоголь секілді күшейткіш дүниелерді де пайдалана бастаған (Ислам. Энциклопедический словарь. – Москва, 1991.,77-бет). Адалын айту керек, бірақ бұл сопылық ағымның бәріне бірдей тән емес.

Ал қазақстандық «сопырлардың» «зікірі» – мүлдем басқа нәрсе. Оны өздері «алқа зікір» және «арқа зікір» деп бөледі. Жалпы, қазақ халқының ұғымында бақсылар зікір салады, «зікір», «зікірлеу» сөздері жағымсыз экспрессивті мағынада қолданылады.

Теология ғылымдарының докторы, дінтанушы Мұхиддин Исаұлының айтыуынша, «ясауишілердің» «зікір» салу формасы дәстүрлі дінге жат. Ол «бұлайша соқыр сенімге берілуі діни фанатизімге ұрындыруы мүмкін екенін» айтады. (“Айқын”, 07.11.04ж.). Бұл пікірмен толық келісуге болады. Екі-үш сағатқа созылатын «зікір» кезінде адамдар «Алла ху!», «Алла хай!» деп айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп, жылайды. Тіпті кейбірінің ауызынан ақ көбік-жыны ағып, есінен танып, талып қалады. Исматулланың өзі «зікірге» тым елітпейді, залды, кімнің қандай күйде екенін көзінің астымен жіті қадағалап, барлап отырады.

«Исматулланың гипноз жасау қасиеті бар және оны «зікір» салып отырған адам масаң күйге жеткенде  қолданады» деген сөздің жаны бар. Ол тақсырдың «зікір» кезіндегі әрекетінен де, кейбір адамдардың естелігінен де байқалады. Қарасу мешітінде қырық күндіктен өткен алғашқы мүридтердің бірі, ақын Батырболат Айтболатұлы көре-біле келе «тариқатшылардың» ата-баба дініне жат ағым екенін түсініп, «жамағаттан» кеткісі келеді. Мұны естіген «пір» шәкіртіне «кетсе, қиын болатынын» ескертеді. «Неге екенін білмеймін, оның осы сөзі ойымнан еш кетпейді» дейді. Б.Айтболатұлы. Ол кетуін кетсе де «жамағаттың» жігіттері қатынасып тұрады. «Пәкістаннан келе жатқанын есіткенде дегбірім кетіп, «тақсырдың қолын алып, сәлем беріп келсем бе екен, әлде бармай-ақ қойсам ба?» деп түні бойы дөңбекшіп шығам» дейді ол. Ертесіне бәрібір сәлем беруге барып қайтады – жүрегі орына түсіп, өрекпіген көңілі басылады. «Исматулладан қорқасың ба?» деген сұраққа Батырболат: «жоқ, қорқамын демеймін, бірақ неге мұндай күйге түсінетінімді өзім де білмеймін» деп жауап береді.

Сопылық сектасының құрылымдылық жүйесі

Қазір сопылар өздерінің жұмысын «Сенім. Білім. өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізіледі. Бірлестік Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 мамырда тіркелген (тіркеу нөмері 4748-1900-00, мекен-жайы Семей қаласы, Шлеева көшесіндегі 14 үй), барлық облыстарда және Алматы қаласында бөлімшесі бар. Кезінде аталмыш ұйымның негізгі идеологиялық үгіт-насихат жұмыстары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен оның облыстық филиалдары арқылы жүргізілді. Сол тұстарда Ұлттық телерадиокорпорацияны «сопылардың» ақпараттық-техникалық базасы, негізгі плацдармы деп атауға толық негіз бар. Бүткіл қаржы-техникалық, адами-шығармашылық ресурс сопыларға қызмет етті. «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ» радиосындағы «Дін мен біз», «Ой түйін», «Күлтөбе», «Ақиқат сыйы», «Ауызашар», «Мезгіл», хабарлары осы «ілімді» уағыздады. Өйткені бұл хабарлардың жүргізушілері Санжар Керімбай, Рахат Мамырбек, Болат Мүрсәлім, Саят Ыбыраевтар – «жамағаттың» белсенділері. Ақпараттық – сараптамалық  бағдарламаларда Исматулланың мүдриттерін жарнамалап қалуға мүмкіндік туа қалса, қалт жібермеді. «Түнгі қонақ», «Ақжүніс» хабарлары да осы ыңғайда болды. Бұл бағдарламалардың продюсері «Жан» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Базарбек Атығай «жамағат» басшылығының алғашқы бестігіне кірді. Қазіргі күні Құдай сақтап, аталмыш телерадиоарнадағы бұлардың жолы кесілді.

Исматуллашылардың адасушылығы

1. Олардың сөзі мен іс-әрекетінен «зікір» терминін тар аяда түсінетіндігі байқалады. Олар зікір дегенде «Лә иләһә иллаллаһ» -ты айтып, басын шайқап, «һу-һу» – ден әріге бармайды. Алайда, зікір – бұл ұлық әрі кең мағыналы ғибадат. Ол мұсылманның әр іс-қимылынан сезілуі керек. Өйткені, зікір ғибадат, намаз, құрбандық, дұға, Құран оқу, шүкір, тәубә, насихат т.б. ұғымдарды қамтиды. Яғни, бұл мәселелердің барлығы да зікір етуді білдіреді.

2. Бұл топ зікірді мұсылманшылықтың негізгі шарты деп біледі. Біз қашаннан исламда бес парыз (шарт) бар деп келдік. Өйткені, Ибн Омардың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылман үмметіне: «Ислам бес нәрсеге негізделген: иман ету, намаз оқу; зекет беру; қажылыққа бару; ораза ұстау», – деп бұйырады (Бұхари мен Муслим). Мұнда «зікір-исламның негізгі шарты» деген бірде-бір сөз де, ұғым да жоқ. Ал Пайғамбар Мұхаммедтен (с.ғ.с.), сахабалардан және діни кітаптардан естімеген шариғатты, біз Исматулла тақсырдан естіп тұрмыз.

3. Зікір аясын тарылтып, ұлық намазды одан бөліп, тәрк ету – күпірлік. Зікір ғибадаты мустахаб (істесе дұрыс, істемесе күнәға жатпайтын ғамал). Намаз –исламның негізгі 5 діңгегінің бірі.

4. Исматуллашылар зікір кезінде айғайлап, трансқа жеткенше бастарын бұлғақтатып, селкілдеп билейді. Ара-тұра бірі еңкілдеп, бірі өкіріп жылайды. Тіпті кейбірінің аузынан ақ көбік –жыны ағып, есінен танып, талып қалады. Мұндай іс-әрекетті тасаввуфта (сопылықта) «шатахат» деп атайды. Дін ғұламалары тұрмақ кейбір сопылардың өздері (гиләни мен Рифаъи) шатахатты қатты сынға алған. Мұның бәрі әдепсіздікке әрі шектен шығушылыққа жатады. Ислам мұны құптамайды.

Дұға ету, зікір салу немесе басқа да ғибадатты атқаруда Алла Тағала пенделеріне былай деп кеңес береді: «Раббыларыңа жалбарынып жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді» («Аъраф» сүресі, 55-аят).

Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Шектен шығудан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне шектен шығушылық жеткен болатын», – деп айтқанын естіген. (Термизи жеткізген).

5. Зікіршілер қазақтың кемеңгер ақындары Абай мен Шәкәрімді бетке ұстап, өз мүдделеріне пайдалануға тырысып бағады. Олардың өлеңдерін дәлел-құжаттай көреді. Ислам дінінің негізі – Құран Кәрім және хадис шәріп. Абайдың өзі: «Әуелі аят, хадис сөздің басы» және «Пенделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып, «һу» деп тариқатқа кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, кілемді кім тоқиды, астықты кім егеді…» дейді. Сөзді дұрыс ұғынған адамға бұдан артық не керек.

6. Сопылықтың негізгі канондары: шариғат-тариқат-мағрифат-хақиқат. Ал бұлар  шариғат білімінсіз тариқатқа түсіп кеткен. Тақуа ақын Ахмет Йасауи хикметінде мұндайды ашықтан ашық былайша әшкере еткен:

Тариқатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан келіп, имандарын алар екен

(«Диуани хикмет, 79»).

Өйткені «исматуллашылар» шариғаттың алғашқы «ш» әрпіне де табан тіремей-ақ, тариқаттың ең төрінен көрінгісі келеді. (Шын сопылар уахи мен шариғатқа амал етеді. Өйткені, Алла Тағала баршаны (әулилерді де) пайғамбарларға мойынсұнуды әмір етті. Алла Тағала: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бойұсынылуы үшін ғана  жібердік», («Ниса» сүресі, 64-аят) дейді. Тағы бір аятта: «(Ей, Мұхаммед!)  Оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де» («Әли Имран» сүресі, 31-аят) делінген.

Хужжатул Ислам Әбу Хамид әл-Ғаззали (р.а.) «Мизәнул амал» кітабында: «Бір Алла Тағаланың жолында жүретін шынайы сопылар аз. Бірақ, сопылықты дағуа ететіндер көп. Сопылықтың екі белгісі бар: бірі, шариғат аясынан шықпау; екіншісі, жүрегі ұдайы Алланың зікірінде болу», – деп насихат етеді.

7. «Исматуллашылар» дінді қазақиландыруға тырысты. Бұл өзін пайғамбармын деп, жаңа дін шығарумен тең. Бұл – өте ауыр күнә. Пайғамбар Мұхаммедтен (с.ғ.с.) кейін пайғамбар да келмейді, жаңа дін де түспейді. Бұған Алла Тағаланың «Бірақ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңы» («Азхаб» сүресі, 40-аят) және «Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап, ұнаттым», («Мәида» сүресі, 3-аят) деген аяттары дәлел. Ал зікіршілер ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды алға тарта отырып, барлығын да дінмен астастырғысы келеді. Шын мәнінде, барлық дәстүрлердің шариатқа сәйкес келе бермейтіндігі анық. Қазақта «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген сөзін еске алсақ, бұл мәселені нақты пайымдауға болатынын аңғарамыз.

8. Шәкірттері ұстазы – Исматулла тақсырды «қасиетті әке» санап, құлдық ұрып, қолын сүйеді. Бұл да үлкен күнә саналады. Қасиеттілік, ұлықтық бүкіл әлемді жаратқан тек Аллаға ғана тән.

Алла Тағала өзіне серік қосқанды кешірмейтінін, одан басқа күнәларды қаласа кешіретіні жөнінде: «Аллаға өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болмайды», – дейді. («Ниса» сүресі, 48-аят)

Пайғамбар (с.ғ.с.) да «мен де сендер сияқты бір адаммын» деп қайта-қайта айтуды ұмытпаған.

9. Исматулла тақсырды муридтері әулие санайды. Нарымбай: «Ол-бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл» дейді. Біз білетін әулиелер Алланың шариатын бұлжытпай орындап, әрқандай күнәлардан сақтанатын халықшыл, ойшыл адамдар еді. Сонда Нарымбай өздерін әулиелікке көтеріп, халықтың діни сауатсыздығын пайдаланбақ па, – деген ой келеді.

«Әл-Бурһан әл-Муайяд» кітабында шайх Рифаъи (р.а.): «Сендер: «Харис риуаят етті, Әбу Язид деде, Халлаж айтты» дегенді қашан қоясыңдар өзі? Сендер: «Шафи айтты, Малик айтты, Ахмад деді, Нұғман деді», – деп айтыңдар. Алдымен анық діни қарым-қатынастарды түзеңдер, содан соң қалған артықша сөздермен ләзәттанасыңдар. Әуелі шариғат  негізін білім және амалмен қалап алыңдар. Одан соң анық болмаған білім үкімдері мен оның амалымен айналысасыңдар. Бір сағат білім үйрену жетпіс жылдық (қосымша) ғибадаттан артық. Алла Тағала сауатсыз адамды уәли етпейді. Кімді уәли етсе, Алла оған білім береді. Уәли ешуақыт фиқһ білімінде ақсамайды. Ол намаз оқуды, ораза ұстауды, зекет беруді және қажылық ғибадатын өтеуді жақсы біледі», – деп түсіндіреді.

Қазақ тіліндегі әулие «уәли» сөзінің көпшесі болып, «достар» мағынасын береді. Алла Тағала өзінің  әулие-достары туралы: «Шынында менің ием Құран түсірген Алла. Ол жақсыларды (ізгі пенделерін) дос тұтады.» («Ағраф» сүресі, 196-аят) және «Біліңдер! Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды. Сондай иман келтіріп, тақуа болыңдар. Оларға дүние тіршілігінде  де, ақиретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне, ірі қол жетушілік осы», – деп хабар береді. («Юнус» сүресі, 62-64-аят)

Ибн Хажар (р.а.) әулие туралы мынау анықтаманы береді: «Уәли – Алла Тағаланы таниды, ұдайы Оған бойынсұнып, шын ықыласпен ғибадат етеді».

10. Исматуллашылар жеке жұмыс істейді, білгенінше-қалағанынша уағыз айтады, жеке «діни медресені» жүргізеді. Ешбірі ешкімге ешқандай есеп бермейді. 40 күндік «шілхана» ұйымдастырады. Өздерін бөлек ұстайды. Имам Муслимнен риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, Алла сендерден үш нәрсені ұнатады, олар: Аллаға ғана ғибадат ету және Оған басқаны серік қоспау, түп-түгел Алланың жібіне жабысып, бөлінбеу, сендерге басшы болғандарға мойынсұну», -  деген.

Зікіршілердің тағы бір ерекшеліктері – өздерін қолдамайтындардың барлығын бірдей уаһабшылар санауы. Яғни, бұлардың пікірінше зікірші еместердің барлығы да сәләфи, барлығы да уаһабшы. Тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның басшылығын, қызметкерлерін, жергілікті жерлердегі имам-молдалардың барлығын да уаһабшы деп санауға бейілді. Еліміз Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  хадис шәріпінен бастау алатын имам Ағзам мазһабын және шариғатқа қайшы келмейтін халқымыздың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын басшылыққа алады. «Исматуллашылардың» адамның ақыл-ойын шектеп, психологиялық тәсілмен бір «тақсырдың» роботы етіп қоятын «алқа зікір» құлшылығы ислам қағидаларына жат және ел мұсылмандарының ұстанымына да кереғар.

Еліміздегі мұсылмандардың бірыңғай орталығы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Сенім. Білім. Өмір.» қоғамдық бірлестігіне, яғни «исматуллашылар» тобына сауатсыздар мен адасушылардың тобы деп баға берді. Ендеше, елдігімізді, дінімізді сақтауда осындай кереғар ағымдардың іс-әрекетінен аулақ болайық, ағайын!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , , , ,
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????
  1. бул агым адаскан адамдар гой. аллахка серик косу. жалган табыс кози. мусылманнын 5 парызын билемин. онын ишинде зикир салып жын ойнак уйымдастыру деген жок. куранмен намазбен санамызды жан танимизди тазалайык адамдар.

  2. ИсматуЛлашыл сопылар болсын, баска тарикаттардагы сопылар болсын барлыгы адаскан! Имам Абу аль-Фарадж Ибн аль-Жаузидiн, рахматуЛлахи алейh, «Талбис Иблис» деген енбегiнде сопылардын адаскандыгын, шайтаннын адамдарды калай азгыратынын жазады!

  3. Ассалаумағалейкум . Алланың жазуымен Бекет атаның басында болдым.Сонда мешітте намаз оқымақ болып,тәбкір айтып қол байлағаным сол еді,төбедегі тесіктен сәуле пайда болды да маған әсер еткені сондай бар дауысмен Аллаһу акбар деп зікір салдым қанша уақыт айтқанымды білмеймін.Зікір салған кезде күшейгенім сондай өзімді қара бурадай сезіндім.Маған әсер еткен періште ма,мұсылман жын ба, аруақ па оны бір Алла өзі біледі.Сондықтан мұсылман бауырлар әулиеге де,сопыларға да,намазын дұрыс оқысын оқымасын намазхандарға да дұрыс көзқараста болған жөн.

    • Ассаляму алейкум кадирли иусылман кауымы.шынын айтсам тусинбей калдым ннин дурыс ненин бурысын .бир билетиним Аллага серик косапаганымыз дурыс.

  4. Мына жерде Исматуллашылар сектасы туралы «Хабар» арнасынан көрсетілген «Ақиқат» деректі фильмі бар. Біраз мәлімет алуға болады.

    http://www.kerekinfo.kz/blog/2140.html#comment29827

  5. Ассаляму алейкум қадірменді момын-мұсылмандар!Бұл топты естіп халық дүр сілкінді деп ойлаймын. Алайда осы топтың тез арада өздерінің қанаттарын жаюға не себеп болды?Соны бір сәт ойланып көрейікші?Егерде біздің халқымыз дінді жақсы меңгеріп әрі Аллаһты шынайы түрде тани білгенде бундай топтарға біз еріп кетпес едік. Бірақ, біз өзіміздің білімсіздігіміздің кесірінен жалғыз «зікршілер» ғана емес одан да көп топтарға аға-інілеріміз, әпкелеріміздің ілесіп кетіп жатқандары бәрімізге мәлім. Сол үшін де ағайын дінді үйренейік!Білмесек білім иелерінен сұрайық. Сол үшін Аллаһ тағала:
    «Егер білмесеңдер, онда білім иелерінен сұраңдар» дейді.
    («Нәһл» сүресі, 43-аят)
    Пайғамбарымыз Мұхаммед салләллаһу әлейһи уә сәлләм:
    «Білімсіздіктің дауасы – сауал» деген. (Әбу Дәуд риуаят еткен)
    Сол үшін бәріміз өзіміздің Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасына жүгінейік онда қазіргі жұмыс істеп жатқан кісілер білімді. Білмегенімізді сол кісілерден сұрайық. Пайғамбарымыз (с.а.у) айтқандай патшаға бағыныңдар, патшаға бағынғандарың маған бағынғандарың, ал маған бағынғандарың Аллаға бағынғандарың» демекші өзіміздің бекітілген ілім иелеріне бағынсақ біз жаман болмаспыз. Егеменді еліміздің ер азаматтары мен азаматшалары білімді әрі иманды болса, болашағымыздың жемісі зор болмақ демекшімін ағайын.
    Аллаһ адастырмасын, тура жолдан тайдырмасын!Аллаһ ынсап тауфиқ берсін!

  6. осы халыкка таным бар. Ел болып калыптасып, озимиздин тол мадениетимизди жангыртып улдарымызды улшылдыкка улттык касиеттерга тан тарбилеп жол корсететин казак екенин танытудын орнына, сан килы жолга тусип жатыр. Анкау елге арамза молдаларда кобейип кетти. Дини сауаты жок бул халыкка не айтсан сенгиш-ак. иштей бир биримизди жей бермей ел болайык казак болайык казакы мадениетимизди сактайык та! Баска сырттан мадениет издегенше оз мадениетимизге унилсек бизден улги алар адеп гурыптарымыз толып жатыр гой соларды неге жангыртпаймыз….

  7. Исматтулашылар Адасқандар

  8. менин билуимше ол жерге байлар бузылган нашакор балаларын акелип тастайды соларды динге имандылыкка тарбиелесин деп ал исматолланын тобындагы жигиттер урып согып подвалда устап окытады екен буны естиген ата-аналары келип алып кетейн десе баласын бермейди тоже солай кетсе жаман болады деген, оларга лескен адамдардын ол жерден шыгуы оте киын!

  9. Осы сендер зiкiршiлердi жамандаудан баска не бiлесiнер озi? Оданда елдi азгындыктан, нашакорлыктан, озiн озi олтiруден, шет елге барып жарылып олiп жаткан жастарымыздан т.б толып жаткан маселерден елдi тыймайсындар. Осылар жайлы неге дагуат айтпайсындар. Содан сон олардыке дурыс емес деп Жаннатта сен емес кiргiзбей койатын. Алла бiледi мумкiн сенiн устап журген дiнiн дурыс емес шыгар. Ангiменiн токетерi бiреудi гайбаттасан кордегi бауырыннын етiн казып жегенмен бiрдей деп кунде айтып журген дагуатынды озiн 1 шi орында. сенi де кiм намаз окиды дейдi, бiр Алладн коркады мыс, молдекеннен коркып жатсынгой ширк ол.

  10. Ассалаумалейкум бауырлар Исматуллашылар деген кім ? не қылып жүрген жандар ? олардың басты мақсаты не ? оның егер қолын сүйіп менің пірім менің тақсырым дейтін болса онда не болды сонда айналасындағыларын салафит немесе уахабшылар дейтін болса олардан басқа Қазақстандағы азаматтардың бәрі тероррист болғаныма ,,,,,,, Зікірді істеген дұрыс бірақ енді олардан кететін болсаң қйын болады деулері жаман екен,,,,,, ой АЛЛА естімеген елде көп деген

  11. Зікіршілер дегеніміз кімдер?

    Аса қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

    «Зікір» дегеніміз – Аллаһты еске алу. Аллаһты еске алып, зікір етудің маңызы мен пайдасы өте үлкен, әрі сауабы да көл көсір. Аллаһ Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер, Аллаһты өте көп еске алыңдар», – деген (Ахзәб сүресі, 41-аят). Сондай-ақ: «Аллаһты көп еске алушы ерлер мен әйелдерге Аллаһ Тағала кешірім мен ұлы сыйлар әзірледі», – деген (Ахзәб сүресі, 35-аят). Жалпы, Аллаһты еске алу, жиі-жиі есімін алу, тәһлил («Лә иләһа илләл-лаһ»), тасбих («субханаллаһ»), тахмид (әл-хамду лилляһ), тамжид айту өте маңызды. Мұсылманның сипаты. Көп зікір ету – шайтанның арбауынан да сақтайды. «Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да, сонда ол оның жолдасы болады» (Зухруф сүресі, 36-аят).
    Көп зікір ету – адамның жүрегінде қуаныш, көкейінде тыныштық ұялатады. Аллаһ Тағала Құранда: «Әлбетте, жүректер тек Аллаһты еске алумен ғана тыныштық табады», – деген (Ра`д сүресі, 28-аят). Тәннің азығы тағам болса, жанның азығы – Аллаһты еске алу.
    Көп зікір ету, Аллаһты еске алу арқылы Аллаһ та сізді еске алады. Құрандағы: «Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» деген аят осының айғағы. (Бақара сүресі, 152-аят). Және тағы басқа да пайдалары өте көп. Жалпы бұл жайында жазылған еңбектер де өте көп.
    Енді сопылық ағымынан шыққан кейбір жандар осы аяттар мен хадистерді оқып алып, қатты әсерленіп, діннің бәрі осында екен деп ұғып, зікірді, бірінші орынға қойып, артынша «зікіршілер» деген ағым пайда болды. Бұл ағымның ұстанымы қате, шариғатымыздан алшақтау.
    «Аллаһты еске алу» дегеніміз әркез Аллаһты есте ұстап, бос уақытта тасбих, тәһлил, такбир айту. Ал енді «һу-һу» деп, отырып алып теңселіп, жын соққандай билеу, өзін-өзі сабау және тағы басқа әрекеттер дінімізге қырық қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл қазіргі таңдағы өзін «зікіршілер» деп атайтын топтың әрекеттері.
    Зікір ету – құлшылық. Ал енді құлшылық ісі дәлелмен ғана жасалуы керек. Бірақ ешбір жерде пайғамбар мен сахабалардың уілдеп, айналып, теңселіп, билеп жүріп зікір еткені айтылмайды. Бұл – бид`а (дінге еңгізілген жаңалық)!
    Зікір ету жақсы іс, алайда Исламның ұстыны болған нәрселерден жоғары болмайды бәрібір. Исламның бес ұстыны – иман, намаз, зекет, ораза, қажылық. Кейбірі тіпті зікірді намаздан жоғары санайды. Мұның өзі де адасушылық. Себебі олар «зікір» дегенді тек теңселіп, отырып алып ара сияқты гуілдеу деп түсінеді. Бірақ, намаз дегеніміз Аллаһты еске алу болмағанда кімді еске алу? Намаз – Аллаһ пен құлдың байланысының ең кемел түрі, ғибадаттың ең көркем түрі.
    Зікір ету жақсы, әрі ең абзал зікір – Құран оқу. Аллаһты еске алудың ең жақсы түрі де осы. Қазіргі таңдағы «зікіршілер» «зікір» сөзін Аллаһты еске алу деп білмейді, бәлкім, зікір етуді өздері арнайы құлшылық түрі етіп орнатып алған. Ол зікірлері көбіне «һу-һу» немесе «Алла-Алла» деп, сан мәрте қайталап, айналып, жай ырғақпен бастап, қатты ырғаққа өтеді. Артынша бастарын, денелерін шайқап, сілкіп, естері танады да, жын соққандай құлап жатады. Осылай құлағанды «көтермелеп», құламай қалғанын «дұғаң қабыл болмады» деп түсінеді. Мұның бәрі де ақымақтық, адасушылық, дінімізде жоқ жаңалық!!! Сақ болыңыз. Елде осы зікіршілер жайында бір ғалымнан сұрағанымызда ол кісі: «Зікіршінің айтатыны зікір, оның бетіне түкір» дегені бар болатын.

    Аллаһ тауфиқ берсін (Аллаһу әл-Муәффиқ)!

  12. АсСаЛаМу’аЛеЙкУм уА рАхМаТуЛлАхИ уА бАрАкАтУх
    Астафраллах Сопылар зікірді парыздан жогары коймайды
    зікірмен Аллага шынайы жакындау

Пікір жазу