Ұлықбек Алиакбарұлы: ІТ сауатты болу үшін не білу керек?

Жуырда «Ислам және өркениет» газетінде жария-ланған «Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек» атты мақалама редакция алқасы өз пікірлерін білдірген болатын. Аталмыш пікірде: «Жалпы сайттарға шығып жүрген мақалалардың көпшілігі редакцияланбай, қатесі қарал-май (әрине барлығы емес), яғни кейде дайын емес күйде, тіпті арасында сауатсыздау жазылғандары да жарияланып кетіп жатады. Газетте олардың бәрі түбегейлі сүзгіден өтіп, үтір-нүктесіне дейін қаралып, сөйлемдері дұрысталып, артық-кем жерлері қосылып-алынып барып жарыққа шығатыны белгілі», – делінген.
Енді осындай қателіктерді жібермеу, яғни ІТ сауатты болу үшін не істеу керек деген сауалға жауап іздеп көрсек. Қазіргі күні ғаламтор бетіндегі қазақ тілді сайттарды кейбір азаматтар орыс сайттарымен салыстырып жатады. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Себебі тек Ресейде ғана емес, посткеңестік мемле-кеттердің көпшілігінде орыс тілді сайттар көп. Олар әр елдің меншігі болғанымен, орыс тілді сайттарды дамытуда үлкен үлес қосып келеді. Сондықтан, қазақ тілді сайттарды олармен салыстырудың қажеті жоқ.
Елімізде ІТ сауатсыздықпен күрес қарқынды жүріп келеді деуге болады. Бір ғана Қазақ радиосында «ІТ Fm», «Ғаламтор» атты бағдарламалар шығып жүр. Жақында ғана «Шалқар» ұлттық арнасынан «Ұшқын» жастар сағаты аясында «Жастар.kz» бағдарламасы бастау алды.
Интернеттің майын ішіп, жілігін шағып жүрген жандарға интернет жайлы жазбаларым күлкілі көрінуі мүмкін. Дегенмен, mail.ru-дағы поштасын сайт екен деп жүрген ағайынның да барлығын ұмытпайық. Газет арқылы алдағы уақытта интернет құралдары, сайттар мен блогтар, сайт жасау, домен алу, хостинг, жалпы интернетке қатысы бар тақырыптың бәрі айтыла беруі керек деп ойлаймын. Себебі, бұның барлығы кәнігі блогшыларға түсінікті болғаны-мен, көпшілігіміз үшін әлі тіс батпай жүрген нәрсе екені шындық. Сондықтан жіті тәптіш-теуге тура келеді. Мақсат – қалың қазаққа интернет, ІТ әлемі ту-ралы аз-кем ақпарат беру.
Алдымен mail.ru-дағы пош-тасын сайт екен деп жүрген ағайынға mail.ru туралы мәлімет бере кетсек.
1. Mail.Ru– қазақ ғалам-торының ірі байланыс порталы. Ай сайын оның аудиториясы 50 миллион қатысушыға көбейіп отырады. Ресурсы mail.ru Group инвестициялық тобына тиесілі.
1998 жылы Петербургтегі кеңсесінде американдық DataArt софтверн компаниясында жұ-мыс істейтін бағдарламашылар веб-сервер поштасы үшін жаңа бағдарламалық қамсыздан-дыру жүйесін жасайды. Бұл қызметті сынақтан өткізу үшін оны уақытша ғаламтордағы орыс қатысушылары үшін ашық байланысқа түсірген, ал мұндай қызмет түрі кенеттен көпшілікке таныла бастайды.
Порталдың басты қызметі – @mail.ru пошта қызметі. Қолданушылар қолайлығы үшін пошта жәшігі арқылы іздеу қызметі, мекен-жай кітапшасы, жазбалардың емлесін тексеру, аударма қызметтері, күнделік және ескерту жүйелері қарас-тырылған. 2007 жылдан бастап @mail.ru пошта қызметіндегі пошта жәшігі көлемінде шектеу болмады, яғни қолданушылар ол жерде өздерінің хабарларын сақтай алады.
Имам ретінде сізге @mail.ru поштасының қандай пайдасы болуы мүмкін? Әрине, біріншіден бұл хабар алмасу. Мысалы, белгілі бір сайтқа мақаланы жіберу. Ол пошта арқылы және агент@mail.ru арқылы іске асады. Агент арқылы жіберу тез, оңай әрі ыңғайлы. «Мой мирдің» блогы қазақ әріптерін қабылдамайды. Әзір қазақ тілді қоғам үшін осы бір үлкен кемшілік.
2. Facebook. Фейсбук – әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі, 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен бірге отырып Facebook-тың негізін қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды.
Алғашқы уақытта Facebook Гарвард университетінің сту-денттеріне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостон университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекен-жайы бар АҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттері де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларға қол жетімді болды. Қазіргі уақытта Facebook-тың пайда-ланушылары 750 миллион адамды құрайды, көбісі ұялы құрылымдардың көмегімен кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн. АҚШ доллларынан асып түскен.
Енді Facebook-тен бізге не пайда деген сауал туындайды. Егер сайтыңыз немесе блогыңыз болса, «Әлеумет-тік желілерде бөлісуді» ор-натуға болады. Соның ішін-де Facebook арқылы жаңа жазбаңызды оқырмандармен, достарыңызбен бөлісесіз. Сіз үшін, сайтыңыз үшін Facebook-ты жарнама ретінде пайдалан-ған ыңғайлы. Осы күні Facebook-те ҚМДБ-ға қарасты сайттардың аккаунттарын да кездестіруге болады.
Facebook-те де «Мой мирдегі» секілді тіркеліп, онда суреттеріңізді жариялауға болады.
3. Twitter. Туиттер — ағылшын тілінде «сайрау», «көп сөйлеу» деген мағыналарды береді. Twitter қазіргі микроблогингтің көшбасшысы деуге болады. Twitter тегін әлеуметтік желі микроблогтардың жүйесін құрайды әрі танымалдығы жағынан алдыңғы қатарда.
Twitter пайдаланушыға 140 символ көлемінде қысқа хабарлама жазуға мүмкіндік береді. Осыны веб-интерфейс, SMS, лезде хабарлама жіберетін қызмет (Instant Messaging Service, IMS), клиент-бағдарламалар арқылы жасауға болады.
Twitter-ді жасаушылар: Джек Дорси, Биз Стоун және Эван Вильямс. Басында жоба бір ғана сұрақ: «Не істеп жатырсыз?» дегенге жауап алу үшін ойлап жасалынған. Осылайша 2006 жылы Твиттер елге таныла бастады. Ал 2007 жылы оның қолданушылары көбейе түсті. 2008 жылдың мамыр айында Twitter-де 1 млн адам тіркелді, оның ішінде 3000 орыс тілді қолданушы да бар.
Твиттердің танымалдылығы өте жоғары. Ресейде алғаш твит-қолданушылар танымал подкас-терлер болса, Қазақстанда ІТ саласындағылар болған.
Тwitter-дің бас кеңсесі Сан-Франциско қаласында (Калифорния штаты) орналасқан. 2001 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша оның 200 млн.-нан астам тұтынушылары болды. Олардың 50 млн.-ы твиттерді күнделікті пайдаланатын болса, 100 млн. тұтынушы оның көмегіне жоқ дегенде айына бір рет жүгінеді. Тұтынушылардың 55 пайызы Твиттерді мобильді гаджеттер арқылы қолданады.
Сайтыңыздағы немесе бло-гыңыздағы жаңа жазбаңызды Твиттер арқылы оқырмандар-мен, достарыңызбен бөлісуге болады. Твиттерді де жарнама ретінде пайдаланған ыңғайлы. ҚМДБ сайтына кірсеңіз, оң жақ бағанда «ҚМДБ твиттерде» деген виджет бар. Сол ҚМДБ жаңалықтарының твиттердегі тізбесі. Твиттерде «ретвит» деген жері бар. Бір ұнаған жазбаны ретвит ету арқылы өзіңіздің твиттер бетіңізге жариялай аласыз.
Твиттерді ұялы телефон арқылы қолданған да ыңғайлы. Себебі Твиттер пайдаланушыға 140 символ көлемінде қысқа хабарлама жазуға ғана мүмкіндік береді. 140 символды телефон арқылы жазу қиындық тудырмайды. Бірақ сіз осы 140 символ арқылы ойыңызды жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз.
4. Google. Американдық Google Inc. қоғамдық корпо-рациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша әлемде бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд. 345 млн. сұраныс қабылдайды (нарықтың 62,4 %-ы), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпарат-тарды 191 тілде іздеу мүмкін-дігіне ие.
Google-ді өз пайдамызға қалай асыруға болады? Google-дің бізге белгілі іздеу жүйесі және поштасы бар. Сайттардағы мәлемттерді іздегенде Гуглды пайланған ыңғайлы. Себебі ол қазақ тілін оқи алады. Басқа іздеу жүйелерінен алдыңғы қатарда келеді.
Gmail.com. Gmail – жоға-рыдағы google компаниясының тегін пошта қызметі. Аталған пошта 2004 жылы 1 сәуірде іске қосылған.
Gmail-дың Mail.ru-дан артық-шылықтарына тоқталар болсақ:
– Жады 7,6 гигабайт (күн сайын ұлғайып отырады);
– Спамдар мазаламайды (арнайы спам папкасына түсіп отырады);
– Қазақ әріптерін таниды;
– Ұялы телефон арқылы поштаны тексеруге болады.
Бұдан басқа ерекшеліктері:
– Хаттарды әртүрлі папкаға бөлу;
– Чат;
– Құжат;
– “Reader”;
– google-translation;
– Күнтізбе;
– Google allert;
Майл.ру мен Фейс-буктағы секілді мұнда да чат бар. Оны телефонға орнатып Агент секілді қолдана аласыз.
«Құжат» – бірнеше адам бір уақытта бір құжатты пай-далана алады. «Құжат» ашқан пайдаланушы керек достарына шақырту жіберу арқылы бірге отырып өңдеп, жазып, жөндей алады.
Gmail-дың “Reader” фун-кциясы уақытыңызды үнем-деуге арналған. Күнделікті кіретін сайттарыңызды рид-дерге енгізіп қою арқылы пош-таңызға енгізілген сайттар-дың сілтемелі келіп тұрады.
Google-translation – Гуглдың аударма қызметі. Әзірге ішінде қазақ тілі жоқ. Орыс тіліне басқа тілдегі жазбаларды аударып оқуыңызға болады.
Күнтізбе – кездесулер мен жұмыстарыңызды күнтізбеге белгілесеңіз, алдын-ала пошта-ңызға ескертулер келіп тұрады.
Google allert – өзіңізді қызықтыратын тақырыпты гугл аллертке енгізесіз, сонда сол тақырып жайлы ғаламтордағы материалдар поштаңызға хат түріндегі сілтемелермен келіп тұрады. Мысалы «ақида», «дәрет», «ҚМДБ» деп енгізіп қоясыз. Ғаламтордан іздеп әуре болмайсыз.
5. Skype. Скайп – бейне-қоңырау шалуға мүмкіндік беретін және ғаламтор арқылы чат қызметін қамтыған бағдарлама. Skype арқылы басқа қолданушыларға қоңырау шалу тегін, ал стационарлы телефон мен ұялы телефондарға қоңырау шалу қолданушының есеп шотын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Skype жедел хат алмасу, файл жіберу және бейнеконференция сияқты фун-кцияларымен қолданушылар арасында кең танылды.
2011 жылдың қыркүйегінде Skype-қа тіркелгендердің саны 929 миллион адамға жетті. Желі жұмысы Люксембургта орна-ласқан Skype Limited кеңсесі арқылы басқарылады.
Скайпты бейнеконференция үшін пайдаланған ыңғайлы. Телемост ретінде пайдалануға болады. Бір мезетте қа-шықтықта орналасқан скайп пайдаланушылар жиналыс, семинар ұйымдастыра алады.
Жалпы бұл жоғарыда жа-зылған материалдар жарнама емес, өз білгеніммен бөлісу ғана. Компьютер дамыған заманда кейбір жандар «қазақы бала бала емес, орыстың баласы мәләдес» деген сөздер айтады. Оның ойынша, компьютерді меңгеру қазақтың емес бас-қаның маңдайына жазғандай. Сондықтан, ІТ сауатты болу үшін осы бағдарламаларды меңгерсеңіз, сіз үшін пайдалы болады деп ойлаймын.
Бүгінгі жазбамыз тез хабар алмасып, ақпаратпен бөлісу мәселелеріне арналды. Бұдан кейінгі жазбаларымызда Алла қаласа «Блог» ашу жайлы сөз қозғаймыз.

Ұлықбек Әлиакбарұлы,
«Kattani.kz» сайтының администраторы,
Шымкент қаласы

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Дұрыс айтасыз БАҚ жұмыс жасайтын тілші бауырлардың құлақтарына алтын сырға! асығыстық жасайма жоқ әлде сауатсызба кейде кейде түкке тұрғысыз қателіктер жасап жатады.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Айналайын, Ұлықбек! Аман-есенбісіз? Өмірде барсыз ба? Агент-магенттен де көрінбей кеттіңіз ғой? Денсаулығыңыз қалай?

Пікір жазу