Қазығұрт аудандық орталық мешітінде 11 шілде күні ауыз ашар өтті. Ауыз ашар өткізгендер Аудан әкім орынбасары, аудан прокуроры, аудандық сот, аудандық әділет басқармасы, аудандық Қазпошта бастығы, Халық банкі аудандағы филиал басшылығы, ҰҚК басшысы, Аудандық төтенше жағдайларды алдын алу мекеме басшысы, АІІБ орынбасары, аудандық салық басқармасының орынбасары бірлесіп жеке отбасылар атынан ауыз ашар берді. Аудандық ардагерлер ақсақалдары, мешіт жамағаты қатысты. Аудан имамы Е.Полатов басшылық жасады. Жиналған көпшілікке Рамазан касиеттері, ауыз ашар жасаудың сауабы жайлы, ынтымақ бірлік жайлы насихат айтып, Аудандық төбе би Иса Телікбаев ауыз ашар жасаған азаматтарға ыстық ықыласын білдірді. Осы күні ауыз ашар жасаған азаматтардың демеушілігімен қамқорлыққа мұхтаж жандарға яғни жеті отбасыға азық түлік ретінде көмек ұйымдастырылып үлестірілді. Аудан әкімінің орынбасары Ғ Төлемов, Аудандық салық басқарма бастығының орынбасары Даулет, Аудандық ТЖ мекеме басшысы А. Салыбековтар Аудан имамымен бірге жүріп таратты.
Аудандық орталық мешіті