А. Қаттани мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың ұйымдастыруымен Шымкентке келген дінтанушы Ризабек Батталұлының тағылымды дәрістері жалғасын табуда. Дінтанушы қала мешіттерінің жамағатына Имам Нәуауидің 40-хадисін кеңінен түсіндіріп, сабақ өтуде. Сабақтан соң, жиналған жамағаттың түрлі сұрақтарына тұщымды жауап берілуде.
Сонымен қатар, жұма күні, А. Қаттани мешітінде ҚМДБ-ның бекіткен «Тәкаппарлық екі дүние кесірі» тақырыбында уағыз айтылды.
Шымкент қаласы А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен.