Аудандық орталық «Түлкібас ата» мешітінде Құрбан айт қарсаңында ҚМДБ — нан және ОҚО өкілдігінің тапсырмаларын аудандық орталық мешіттің бас имамы Бауыржан Оңалбаев таныстырып , мешіт имам -молдаларына міндеттеді . Күн тәртібіндеқаралған мәселелер :
- Бас мүфтидің Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу;
- Құрбан айт намазы 04 қазан күні таңғы сағат: 08:00-де оқылады.
- 15.09.2021 басталатын «Шымкент» медресіндегі 6 күндік ИБЖК – тұрақты имам, молдалардың кезекпен баруы .
- «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылу туралы;
- Орталық аудандық мешітке апталық есепті әр жұма күні жіберу;
- Ауыл,округ имамдары өздеріне қарасты «Шымкент» медресесінде оқып жатқан шәкірттермен кездесу ұйымдастыру;
-мешіттерде шам мен құптан намаздарда уағыз жүргізу;
-Қайрымдылық акцияларын ұйымдастыру;
- ЖОО және орта арнаулы оқу орындары және мектептермен келісім шарт жасау;
- Бұйрықсыз имамдар құжаттарын 25-қыркүйекке дейін дайындау;
- Жұмада жамағатқа сүннет намазын оқып кетуді ұдайы көркем сөзбен ескертіп отыру;
- «Зекет» қорының жұмыстарын күшейту;
- Үгіт-насихат (ЖҮНТ) топтарының есебін әр айы сайын орталық мешітке жолдап отыру
- Ағымдағы мәселелер т.б.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі:
Суретті түсірген:Бауыржан Әзиз.
15.09.2021 жыл.