Шымкент медресесі

Тарихы тереңге кеткен ежелгі оңтүстік өңірі – бүгінде еліміздегі асыл дініміздің бастау алып отырған қасиетті мекеніне, Ислам дінінің қайнар бұлағына айналған десек артық айтқандық емес. Қазіргі таңда оңтүстік өңірінде 786 мешіт пен 100 – ден астам намазхана, барлығы 900-ге жуық құлшылық орындары бар. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент шаһары болса бүгінде өңірдегі имандылық қағидаларының жүргізіліп, ізгілікті істің бастау алатын орны.

Осынау шаһарда қазіргі кезде еліміздегі ондаған медреселердің бірі – Шымкент медресесі орналасқан.

Медресе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы                        30 қарашада № 5025-1900-ДБ нөмірімен тіркелген. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) 071240002315.

Заңды тұлғаның атауы: «Шымкент медресесі» діни бірлестігі.

Орналасқан жері: Шымкент қаласы, Текстиль мөлтек ауданы, Рекордный өткелі, № 4 үй.

Медресенің жалпы жер көлемі 7576,1  шаршы метр аумақты алып жатыр.

Ауқымды оқу орнының негізін 2007 жылғы маусым айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің өзі қалады.

Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай. Оқу түрі - күндізгі. Сабақ кестелері оқу жоспарына сәйкес өз дәрежесінде жасалынған, оқу процесі бір кезеңмен жүреді.

Арнаулы орта білімді діни мамандарды даярлайтын бұл медресеге білімді, қабілетті, денсаулығы жарамды, имандылыққа бет бұрған талапкерлер іріктеледі.

Исламтанушы мамандығы бойынша медресені тәмамдаған шәкірттер арнаулы орта оқу орнының дипломына ие болады. Болашақта олардың еліміздегі мешіттерде имамдық және мешіттер жанынан ашылған имандылық курстары мен медреселерінде ұстаздық қызметтерді атқарулары көзделінеді.

Медресе ер балалар және қыз балалар бөлімдері болып, екіге бөлінген:

  1. Ер балалар бөлімінің орналасқан жері: Шымкент қаласы, Рекордный көшесі, № 4.

2. Қыз балалар бөлімінің орналасқан жері: Шымкент қаласы, Чапаев елді мекені, Аварийная көшесі, н/з.

Медресеге алғашқы түлектерді оқуға қабылдау жұмысы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің басшылығымен және Дінбасының 2007 жылғы 9 қазандағы № 403 бұйрығына сәйкес құрылған комиссия мүшелері: ҚМДБ қызметкерлері Е.Дуанаевтың, Б.Бекмұратовтың, Ә.Дәуренбековтің, Қ.Мәмбетбаевтың, О.Өмірбектің, Діни басқарманың сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, медресе директоры А.Керімбектің және қабылдау комиссиясының хатшысы М.Ақтамбердінің қатысуымен жүргізілді.

Медресеге оқуға қабылдау барысында комиссия мүшелерінің басты ұстанымдары ретінде талапкердің орта білімі жөніндегі аттестатының болуы және жас шамасының 25-тен аспауы негізге алынды.

Медресеге оқуға қабылдау жұмыстары тиісті талап деңгейінде жүзеге асырылуда. Арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен 2007-2008 оқу жылдарына медресеге оқуға құжаттарын тапсырған алғашқы үміткерлер жан-жақты сараланып, 71 ер бала, 74 қыз бала, барлығы 145 талапкер қабылдау комиссиясының 2007 жылғы 17-18 қазандағы хаттамасы негізінде оқуға қабылданды. Келесі жылға, яғни 2008-2009 оқу жылына І курстан ІІ курсқа көшірілген студенттердің саны 56 ер бала, 54 қыз бала  болып, жалпы саны ІІ курсқа 110 шәкірт жіберілді.

Медресеге талапкерлерді қабылдау жыл сайын жүргізілуде. 2008-2009 оқу жылдарына үміткерлерді қабылдау барысында талап деңгейінен шыққан 63 ер бала, 44 қыз бала, барлығы 107 талапкер қабылдау комиссиясы мүшелерінің 2008 жылғы  24-25 тамыздағы хаттамасының негізінде оқуға қабылданды.

2009-2010 оқу жылдарына 59 ер бала, 34 қыз бала, барлығы 93 талапкер оқуға қабылданды.

2010-1011 оқу жылдарына 63 ер бала, 30 қыз бала, барлығы 93 талапкер оқуға қабылданды.

Қазіргі күні медресе бойынша барлығы 194 шәкірт білім алуда.

Медреседе  қоғамдық және діни пәндерден сабақ жүргізетін оқытушы ұстаздар саны 26. Оның 5-уі ғылыми дәрежесі бар кандидат, магистрлер болса, қалған 21-і бакалавр, 10-ы шетелдік оқытушылар.

Медресе заманауи талаптарға сәйкес үлгіде жан-жақты қажеттіліктермен жабдықталған. Атап айтқанда, арнайы аудиториялар мен дәріс залдары, медресе жанында мешіт, жатақхана, спорт алаңқайлары, кітапханалар, асханалар, компьютер бөлмелері, медициналық пункттер, дайындық курстары, т.б. бар.

Медресенің аудиториялары мен дәріс залдары

Медреседе бүгінде 25 аудитория, 16 дәрісхана мен 2 лекциялық зал жұмыс істейді. Онда арнайы орындықтар, тақталар, т.б. қажеттіліктер қойылған.

Медреседе, сондай-ақ, кондиционерлер мен телефондармен, факс, шаңсорғыштармен, тиісті мебельдермен, т.б. қажеттіліктермен жабдықталған.

Медресе жанындағы мешіт

Қазіргі кезде медресе жанында екі қабатты «Оразкүл ана» мешіті жұмыс істейді.

Мешіттің жалпы көлемі 540 кв. м2.

Мешітке 13 сатылы баспалдақтар арқылы көтеріледі. Мешіттің бірінші қабатында дәретхана, асхана, кеңсе бөлмелері мен арнайы дәліз орналасқан. Екінші қабатта үлкен намаз оқу залы бар. Онда бір түсті Түркиядан алынған жайнамаз кілемдер төселген. Михрабы кафельденіп, онда «Аятул Курси» аяттары  нақышталып, өрнектеліп жазылған.

Құтпа айтуға арналған арнайы мінбер бар, оған 10 сатылы баспалдақ арқылы көтеріледі. Мінбер маңдайшасына «Бисмилләхир рахманир рахим» сөзі жазылған. Мешіт қабырғалары күйген қыштармен қаланған. Есік-терезелері пластикалық материалдан жасалған. Жылу жүйесі орталықтандырылған.

Медресе жатақханалары

Медресенің ер балалар бөліміндегі жатақхана  200 орындық, екі қабатты. Жатақхана көлемі - 2363 кв/м 2.

Медресенің қыз балалар бөліміндегі жатақхана 150 орындық, екі қабатты.

Жатақханаларға теледидарлар мен орындықтар қойылған. Арнайы жуынатын бөлмелер, кір жуу машиналары, т.б. қажеттіліктер жасалған.

Жатақханаларға арнайы қызметкерлер бөлінген.

Жатақхана ғимараты күйген қышпен қаланып, шатыры түнікемен жабылған.  Есік-терезелері пластикалық материалдан жасалған. Жылу жүйесі орталықтандырылған.

Медресенің спорт алаңқайлары

Медреседе ер балаларға және  қыз балаларға арналған спорт алаңқайлары жұмыс істейді. Атап айтқанда, мини футбол, волейбол, баскетбол, теннис, т.б. қажетті спорт түрлерімен айналысуға қажетті мүмкіндіктер жасалған.

Ер балалар бөліміндегі спорт алаңқайының көлемі – 600 кв/м 2.

Медресе кітапханалары

Медреседе тұрақты түрде кітапханалар жұмыс істеп келеді. Ер балалар бөліміндегі кітапхана  мен оның оқу залының көлемі 188 кв, м2.  құрайды.

Бұл кітапханада 6 мыңнан аса тарихи, философиялық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, діни-танымдық әдебиеттер мен қажетті матери- алдар бар.

Медресе асханалары

Медреседе арнайы асхана орындары бар. Онда шәкірттерге 3 мезгіл тегін тамақ беріледі. Асхана көлемі – 525,7 кв/м 2.

Ер балалар бөліміндегі асханада бір мезгілде 150 адам тамақтана алатын болса, қыз балалар бөліміндегі асханада бір мезгілде 100 адамға тамақ ұйымдастырылу мүмкіндігі бар.

Асханалардың қабырғалары күйген қыштан қаланып, төбесі ақ түнікемен жабылған. Есік-терезелері соңғы үлгідегі пластикалық материалдардан жасалған.

Арнайы тоңазытқыш, желдеткіш, т.б. қажеттіліктер орнатылған.

Медреседегі компьютер бөлмелері

Медреседе арнайы компьютер бөлмелері жұмыс жүргізуде. Ер балалар бөліміндегі бөлмеге 21 компьютер қойылған. Оқу орнының барлық оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмыстары жайлы мәлімет компьютерлік ақпарат жүйесіне енгізілген.

Оқу жүйесі бойынша барлық мәлімет, үлестірмелі материалдардың түпнұсқалары және шәкірттердің білімі мен оқу үлгерімін бақылау қорытындылары медресенің тәрбие ісі бөлімінің меңгерушісі мен әрбір топтың сынып жетекшілерінің жеке компьютерлерінде тіркелген.

Компьютерлер интернет жүйесіне қосылған.

Медресенің медициналық пункттері

Медреседе тұрақты түрде медициналық пункттер жұмыс істеуде. Ер балалар бөліміндегі медициналық пункттің көлемі – 26 кв/м 2.

Ер және қыз балалар бөлімдерінің әрқайсысындағы медициналық пункттерде бір-бірден мейірбикелер жұмыс атқарады.

Медициналық пункттер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Медресенің дайындық курстары

Медреседе дайындық курстары жұмыс істейді. ҚМДБ-ның келісімімен Түркістандағы «Ахмет Ясауи» сауат ашу курсы Шымкент медресесінің ерлер бөліміне  талапкерлер дайындайтын дайындақ курсы ретінде жұмыс жүргізуде. Онда бүгінде 78 тыңдаушы қабылданып, қажетті дәрістер алуда.

Оқу түрі - күндізгі, мерзімі 9 ай, ақысыз. Дайындық курсы қажетті материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Орналасқан мекен жайы: Түркістан қаласы, А.Сабырхан көшесі, № 8 а.

Діни басқарманың келісімімен медресенің қыздар бөлімінің жанынан да дайындық курсы жұмыс жүргізуде. Онда бүгінде 32 тыңдаушы дәріс алуда.

Медресенің жаз мезгілдерінде лагерь ретінде жұмыс жүргізуі

Медреседе жыл сайын шәкірттердің демалысы кезінде екі ауысыммен балалардың жазғы діни демалыс лагері міндеті атқарылады. Онда балаларға 3 мезгіл тамақ беріледі. Діни дәрістер беріліп, исламдық тұрғыдағы тәрбиелік мәні бар бейнефильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетіледі.

Медресе жөніндегі өзге де қосымша мәліметтер

Медресе қысқы мезгілдерде жалпы жылу жүйесіне, канализацияға қосылған. Көктем мен жаз айларында арнайы гүлдер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Шымкент медресесінің директоры, Б.Мырзагелдиев

Ілмектер: 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*
*