Ж.Дулатбаев: «Қасиетті рамазан айы»

Жақында ғана рамазан айының оразасын тұтып, түндері тарауих намаздарын оқып, Құран хатымдерде қатысып, пітір садақаларын беріп соңынан қасиетті ай әп сәтте өте шықты ау деген бір өкінішпен Рамазан айын шығарып салған едік. Мінеки жыл айналып тағы да Рамазан айы келіп қалды. Бұл қасиетті Рамазан айына 6 ай қалғанда Пайғамбар (с.а.у) «Аллахым мені рамазан айна жеткіз» деп дуғада болып дайындық жасайтын екен. Салман Форси (р.а) руаят етеді «Шағбанның соңғы күні Расулуллох (с.а.у) бізге хутба оқыды: Әй адамдар! Ұлы және қасиетті бір айдың көлеңкесі үстіңізге түсті. Ол сондай ай онда мың айдан абзал болған бір түн бар деді»-деген.

Әлемдердің Раббысы Аллаһ т-ға сансыз шүкірлер, мақтау-мадақтар болсын бізді осындай қасиетті, айлардың сұлтаны болған Рамазан айына жеткізгені үшін. Рамазан айына жеткен пенделердің мойнындағы міндет сол Рамазан айының құрметін сақтау, Алланың бұйырған оразасын тұту, жақсы, сауапты амалдарды жасап Пайғамбар (с.а.у) хадисінде айтып өткендей жәннәтті өзіне уәжіп етіп алу. Өйткені бұл айдың кіріп келуімен кімде-кім қуанышта болып күтіп алатын болса Пайғамбар (с.а.у) хадисінде «Кімде-кім қасиетті Рамазан айы келуімен қуанышта болатын болса, Аллаһ т ол пенденің денесін тозақ отына харам етеді» деген.

    Әрбір балиғат жасына жеткен мұсылман пенде үшін Рамазан айында бір ай ораза тұту Құран аяты арқылы парыз етілді. «Әй иман еткендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Санаулы күндерде» деген. (Бақара сүресі. 183-184 аяттар)

Аятта айтып өтілгендей санаулы күндерде ораза тұтудың шариғаттағы қаншалықты ұлы ғибадат екендігін пенде түсініп жетсе ешқашан оразаға дүниелік, медициналық немесе үріптік мағана бермейді. Ораза шын ықыласпен Аллаһ т разылығы, ризықтың арттырылуы жәнеде жамандықтардан тиылу, тозақ отына қалқан болуы үшін тұтылады. Пайғамбар (с.а.у) хадисінде «Аллаһ т ықыласпен бажарылмаған амалды қабыл  етпейді» деген.

Пенде бір істі істегенде әлбетте бір нәтижені, пайданы көздеп жасайды. Тек оразаны жалғыз Аллаһтың разылығы үшін болуы маңызды. Өйткені ораза тұтқан адам өзінің нәпсісінің қалауына қарсы барып, жамандықтардан тиылады. Ораза деген сөздің мағынасының өзі сөздікте тиылу дегенді, ал шариғи мағынасы мұсылманның шын ниетпен таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден бас тартып ауызды бекіту және шаһуатты сезімдерден өзіні тыю дегенді білдіреді.

   Әрбір жасалған ізгі амалдың сауабы оннан жеті жүз есеге дейін арттырылып берілетіндігі жайлы аят бар, тек оразаның сауабын ғана Алланың өзі біледі. Аллаһ т бір хадисі қудусиде: «Ораза мен үшін оның ажріні мен беремін» деген. Ораза тұту пендеге өзіні танытады жәнеде адам деген атқа лайықты болуға, өзгелердің қиыншылығын түсініп жетуді үйретеді. Жамандыққа бет алып, менменсіп кетуден, сабырсыз болудан сақтайды. Пайғамбар (с.а.у) бір хадисінде «Ораза сабырдың жартысы» деген болса басқа бір хадисінде «Сабыр иманның жартысы» деген. Тереңірек үңіліп, пікірлеп көрілсе екі хадис бір-бірін толтырып жатқандығы түсініледі. Ораза сабырдың жартысы болса, сабыр иманның жартысы екен ораза тұтушы адам сабырлы болса ғана көздеген мақсатқа, Алланың беретін сауабына ие болады. Аллаһ т Зүмәр сүресі 10 аятында «Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары (ахыретте) есепсіз беріледі» деген.

Демек өзінің қадірін және дәрежесін білген сабырлы болған адам ораза тұтудың абзал жақтарын түсініп жетеді де тезде амал ету жолына түседі. Сондықтан ораза ең абзал және ұлы ғибадаттар Исламның бес тіректерінің қатарынан орын алған. Ораза — тұтқан адамның қателерінің кешірілуіне, жаман күнә амалдардың өшірілуіне себеп болады.

Оразаның және бір қасиеті бұл ғибадат егесін өтіріктен және басқа да әдепсіздіктерден қалқан секілді тосып тұрады. Жабир (р.а) – ден жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.у) айтады: «Ораза қалқан, пенде онымен тозақтан сақтанады» деген. Пайғамбар (с.а.у) оразаны қалқанға ұқсатумен оның адамзат үшін қаншалық қажетті қурал екенін білдірген, бұл құралды амалда қолдаған адам өмірде көптеген жамандықтардан қайтады жәнеде ең үлкен және ауыр қиыншылық6 азап болған тозақтан тосушы екендігін мәлімдеуде. Егер мұсылман адам өтірік айтуын тоқтатпаса, Аллаһтың бұйырғанын орындамаса оның ішіп-жеуін тастағаннан пайда жоқ екенін білдіріп айтқан Абу Хурайра (р.а) – ден жеткен хадисінде «Кім жалған сөйлеуін тастамаса және Аллаһ т қайтарған нәрселерінен қайтпаса, ораза тұтып, жемей-ішпей қойғанымен оразасы қабыл болмайды. Аллаһ т оған рахмет назарымен қарамайды» деген. Сондықтан ораза тұттым ішіп – жеп жатқаным жоқ болды деп өтірік айтып басқа да жаман әдеттерге бой алдырып жүре берместен бар жамандық атаулыдан құтылуға оларды істеуден қайтуға әрекет ету керек.

Ораза тұтушының екі қуанышы бар деген . біріншісі ауыз ашқанда, екіншісі Аллаһ т жолыққанда. Бірінші қуаныш Аллаһ т нығмет етіп берген жеп- ішу сияқты амалдардан белгілі уақыт тиылғаннан соң оған қайта жету, сол нығметтерден қайта пайдалану қуанышы болса. Кейінгісі қиямет күні дүние тіршілігінде тұтқан оразаның ажріні, сыйлығын азғана болсада сауапқа мұқтаж болып қиналып тұрған бір уақытта толық берілуін көргендегі қуанышы. Аллаһ т сол қуаныштарға жетуді, рамазан айында сауапты амалдарды көб жасап жәннәтты уәжіп етіп алуды баршамызға нәсіп етсін. Әмин!

 Сарыағаш аудан «Сарыағаш» орталық мешітінің бас имамы:    Дулатбаев Ж.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу