Аудандық орталық « Түлкібас ата » мешітінің бас имамы Бауыржан Оңалбаев іс — сапарын ауданның шеткі ауылдық округі Машат аймағынан бастады . Машат ауылдық округінің Еңбекші ауылындағы « Тастанбекұлы Ғабит » мешітінен бастап , Мыңбай ауылындағы « Базарбай ата » мешіттеріндегі діни ахуалмен танысты, жамағаттарымен жүздесіп , осы Машат округінің орталығындағы « Мәмбет ата » мешітінде жұма намазына қатысты.
Жұмаға жиналған жамағатқа «Исламдағы жанұя сыйластығы» туралы уағыз айтты . Жұма намазын атқарып болған соң жамағатпен бірге елімізге — жерімізге тыныштық тілеп дұға қылды.
«Түлкібас ата» мешітінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген : Бауыржан Әзиз .
6 . 09 . 2013 жыл . Жұма.
Пікірлер