ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі Шымкент қаласындағы «Сәуле» мешітінде қасиетті мәуліт мерекесіне арналған іс- шара өтті. Бұл басқосуды ұйымдастырған «Сәуле» мешітінің бас имамы Насрулла Мәулә Шәрәфәддинұлы және мешіт ұжымы мен жамағаты. Мәулітке арнайы ҚМДБ ОҚО өкіл имамының орынбасарлары Желеуов Дастан және Естеміров Мұхаммеджан, ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық « А. Қаттани » мешітінің имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбраймұлы және ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық « А. Қаттани » мешітінің найб имамы Сарыбаев Қазыбек Сұлтанбекұлы шақырылды. ОҚО өкіл имамының орынбасары Желеуов Дастан және « А. Қаттани » мешітінің имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбраймұлы мәуліт айы турасында уағыз айтып, бас мүфти және ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамының аттарынан жамағатты шын жүректен құттықтап олардың сәлемін жеткізді. Дінтанушы Абдулла қажы Жолдас ақсақал мәуліт оқып, құран бағыштады. Осы үлкен іс- шараға ұйытқы болып ұйымдастырған « Сәуле» мешітінің бас имамы Насрулла Мәулә Шәрәфәддинұлы мырза жиналған дүйім қауымға алғысын білдіріп, елімізге, халқымызға береке, бірлік және ынтымақ тіледі. Соңынан жиналған халық арнайы мәуліт мерекесіне жайылған дастарханнан дәм татты.
Біз Құранды білеміз бе?
- Басты бет
- Бас Мүфти
- Бас Имам
- Жаңалық
- Уағыз
- Фиқһ
- Галерея
- Термин
- Іс-шара
- Admin
- Жұма уағызы
- Балапан
© 2015 Қаттани мешіті. Барлық құқықтары сақталған. Көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті. Сайтта басқа ақпарат көздерінің де мақалалары бар. Олар үшін жауапкершілік бізге жүктелмейді | Сайтты жасаған: Ұлықбек Алиакбарұлы.