Төлеби ауданы: Мерекелі Мәуліт Мерейлі өтті

Төлеби аудан орталығында аталып өткен биылғы жылғы Мәуліт мерекесі жұма күніне сәйкес келгендіктен аудандық «Нұр» мешітінде ОҚО өкіл имамы Бейбіт қажы  Мырзагелдиевтің жұмадағы уағызымен басталды деуімізге болады. Жұма намаздан кейін Ленгір қаласындағы Мәдениет үйінде өткізілген мәулітке жиналған халықтың ықыласы ерекше болды. Өйткені мерекелік іс-шараны тамашалауға келген халықтың көптігі соншалық ине шаншар жер болмады.  Мәуліт мерекесіне ОҚО өкіл имамы Бейбіт қажы  Мырзагелдиев, найб имамы Сүлейменов Орынбасар, Ленгір қаласы әкімі Ордабек Абдуқаимов, аудандық аппарат басшысы Сейіт Бекмұрзаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Абдиев, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Әсілбек Әуесбек т.б. мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, аталар-әжелер ардагерлер кеңесінің төрағалары, оқушылар, студенттер, аудан  имамдары, ауыл төбе билері, жер-жерлерден келген қонақтар қатысты. Әуелі халықтың көңіліне ой салатын, жүрекке иман нұрын себетін бейне ролик көрсетілді. Алланың аяттары оқылып, ОҚО бойынша өкіл имам Бейбіт қажы  Мырзагелдиев Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен үзінділер келтіріп, мәуліт мерекесінің жалпы мұсылман үмбетіне беретін әсеріне тоқталып, халықтың сеніміне селкеу түсіріп жүрген түрлі топтарға қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Ал бұдан кейін сөз алған Ленгір қаласы әкімі Ордабек Абдуқаимов аудандағы діни ахуалға тоқталып, халықты мәуліт мерекесімен құттықтады. Облыс орталығынан келген «Асыл мұра» өнер орталықтарының өнер майталмандары бар өнерлерін ортаға салып, халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары да мерекелік іс-шараға өздерін үлестерін қосып, одан сайын жандандыра түсті.

Мерекелік іс-шараның соңында ауданның құрметті ақсақалы Құдайберген Оңғаров сөз сөйлеп, аудан имамы Б Қалдаров мәуліт мерекесінің жоғары дейдейде өтуіне атсалысқан жергілікті билік өкілдеріне, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтып, келесі жылғы мәуліт айларына амандықпен қауышуды тіледі. Келген қонақ құралақан қайтқан жоқ. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен Дәстүр» кітабынан 300 ге жуық данасы таратылды. Мерекелік іс-шара түрік мәдени орталығының төрағасы Таиров Мұхтазим ағамыздың демеушілігімен «Шаңырақ» тойханасында жайылған дастарханда жалғасын тапты. Халық Мәуліт мерекесінің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына дән риза болып тарқасты.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники