Шардара ауданы: Менің таңдауым Ханафи мазхабы

Маусым айының 06 — шы жұлдызы күні Шардара қаласы «Шардара» орталық мешітінде қасиетті жұма намазына Республикалық ақпарат насихат тобының мүшесі,  Облыстық орталық мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов  қатысты. Найб имам Еркебұлан Қарақұлов «Менің таңдауым Ханафи мазхабы» және «Ақида» тақырыбында жамағатқа тартымды уағыз — насихат айтты. Уағыз барысында ҚМДБ —  ның ұстанған жолы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) жолы, сенімде имам Матруди (р.а) ақидасы екендігіне кеңінен тоқталып, қазіргі таңда кері тартпа діни ағымдарға еліктеген, атап айтқанда Уаһһабилік (Сәләфилік)  жолды ұстанушы жастардың ақида мәселесінде шатасып жүргендіктерін талдап жете түсіндірді. Жұма намазынан кейін жамағатпен еркін отырып  көңілде жүрген әр — түрлі сұрақтарына тұшымды жауап берді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники