Төлеби ауданы: «Жақсылықта жарысайық»

Ислам діні адамдарды Алламен ғана байланыстырып қоймай, қоғамдық мәселелерді шешу, оларды бір-бірлеріне қарайласуға да үндейді. Адамдардың арасын нығайтатын міндеттердің бірі қайырымдылық екендігі айқын. Осы бір игі шараны жүзеге асыру мақсатында Төлеби аудандық мешіті «Жомарттықтың абзалдығы» деген тақырып бойынша Ленгір қаласы, № 2 орта мектебіне қайырымдылық көрсетті. Дәл осындай шара «Жақсылықта жарысайық» деген тақырыппен Төлеби ауданы, Ленгір қаласы,

«Қосалқы тілі нашар кеміс балалар үшін мектеп-интернатында» да жалғасын тапты. Сонымен қатар «Мұқтаждарға көмектесейік» деген үндеумен Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің жамағатының ықпалымен жалғыз басты 4 отбасыға ақшалай көмек берілді. Міне, мұндай іс-шаралар қоғамдық қарым-қатынасты нығайтып, адамдардың бір-бірлеріне деген сүйіспеншілік, мейірімін оятады.

Төлеби аудандық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники