«Жақыныңа жақын бол!» атты қайырымдылық шарасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасы аясында Сайрам аудандық «Ы.Иманәлиев» мешітінің ұйытқы болуымен  аудан орталығы Ақсукент елді мекеніндегі «Аблайхан» алаңында арнайы шатыр тігіліп «Жақыныңа жақын бол!» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Оған облыс имам орынбасарлары М.Естеміров, Е.Қарақұлов, Д.Желековтар арнайы қатысып, уағыз айтты.

Аудан имамы Р.Жұмәділлевтың айтуынша «Бұл шараны орталық алаңға өткізудегі мақсат жалпы халыққа Рамазан айының қадір-қасиеттерін насихаттап, мереке етіп  өткізу еді»,-  деді.

Бұл қайырымдылық іс шара өзгерек болды.  Іс шарада алаңға жиналған көпшілікке Ислам жайлы сұрақтар тест түрінде беріліп,  дұрыс жауап берген азаматқа арнайы сыйлықтар берілді.

Аудандағы жеке кәсіпкерлердің есебінен үш жүз мың теңгені құрайтын тұрмыстық техникалық заттар алынды.

Атап айтқанда кондиционер, газ плита, телефон, сағат, термос, DVD, бассейн,  балаларға арналған түрлі түсті ойыншықтар т.б. да қаржылай сыйлықтар таратылды.

Бұл шара тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники