Мақтарал ауданы: «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұстанған төрт бағыты бойынша қайырымдылық шаралары өз жалғасын табуда.

          Соның бір көрінісі, облысымыздың оңтүстігінде орналасқан Мырзашөл өңірі, Мақтарал аудандық «Өткелбай» мешітінің имамы Бекзат қажы Сыздықовтың ұйытқы болуымен «Мекетпке жол» атты қайырымдылық акциясы қолға алынып, мектеп жасындағы көмекке зәру 916 балаға  қайырымдылық іс жасалды.

          Онда балаларға мектеп формасы, аяқ-киімі, спорттық киімдері және сөмкесі, дәптер, қаламы мен әр сыныпқа арналған оқу кітаптары қамтылды. Қайырымдылық көмектің әр балаға шаққандағы құны 18000 (он сегіз) мың теңге көлемінде болды. Ал оны жергілікті қолы ашық, жомарт жандардың демеушілігімен жинастырылды.

          Шара барысында аудан имамы Б.Сыздықов арнайы уағыз атып, балаларға ата-ананы құрметтеуді,  жақсы білім иесі болуды насихаттады.

          Аталмыш қайырымдылық акция облыс көлемінде 18-30 тамыз аралығында жалғасын табатын болады.

 мақт002

мақт001 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники