Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! — өкіл имам құттықтауы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы

Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің құттықтауы

 

 

Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

 Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Қадірлі жерлестер!

          Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келіп жетуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы — айлардың сұлтаны. Бұл айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, жыныстық қатынасқа барудан, түрлі жаманшылық атаулыдан өзін пәк ұстап, күнә істерді тоқтатады. Рамазан сөзі «күйдіру, өшіру» деген. Яғни, өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына білдіреді.

Биылғы Рамазан айы үстіміздегі жылғы 1 тамыздан жалғасады. Яғни, отандастарымыз 29 күн бойы оразасын тұтып, үлкен сауапқа кенелмек.

Қиямет күні ораза тұтқандарды Аллаһ тағала жәннаттың арнаулы қақпасына кіруге шақырады. Хадисте бұл жәннаттың атауы «Ар-Раййан» деп аталады. Бұл қақпадан тек ораза тұтқандар ғана кіреді.

Сүйікті пайғамбарамыз Мұхаммед саллаллаһу алайхи уассалам былай айтқан:  «Кімде-кім ораза тұтса және Аллаһ разылығы үшін шын ықыласымен тарауих намазын оқыса, Аллаһ тағала оның тіршіліктегі күнәларын кешіреді және не тілеген болса тілектері қайтарылмайды»,- деген болатын.

Қасиетті Рамазан айындағы  барлық жақсылықтарды Аллаһ тағала баршаларыңызға нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Оразаларыңыз қабыл болсын! Әмин!

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу