Кәффарат түрлері

Кәффарат түрлері

Қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл – әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі кәффарат бар.

1. Ораза кәффараты

Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз оразасын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан ораза ұстауы, егер бұған да күші жетпесе, алпыс жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар»[1].

Пайғамбарымыз былай дейді: «Кімде-кім Рамазанда оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті (кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс оразаларға тек қана қаза керек.

2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің кәффараты

Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» (құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеуі тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе, екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға мұсылманды өлтіру – жараспайтын іс-әрекет. Бірақ қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген адамның иесіне құнын төлеуі тиіс»[2] делінеді.



[1] Мұхаммед, 47/33.

[2] Ниса, 4/92

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу