«Шымкентте мүгедектер имамдардан көмек сұрайды» — бірақ адамдар алған көмектерін мойындамайды

Шымкентте мүгедектер имамдардан көмек сұрайды — деген тақырыпта күні кеше ғана 31 телеарна біздің орталық мешіт жайлы бейнебаян түсірген. Мешітімізге жұма күні, яғни 05.08.2021 жылы Сабыралиева Эльмира Галымкызы (06.01.1981.) көмек сұрап келген болатын. Бас Имамның көмекшісі, қары Динов Бахрам Эльмира ханымға көмегіңізді аласыз. бізде азық-түліктер (пісте май, күріш, ұн, қанта) бар. Осы көмектерді жұма намаздан соң аласыз келіңіз деп тіркеу журналына жазып қойған болатын. Бірақ Эльмира ханым маған азық түлік керек емес ақшалай көмек керек деді. Осылайша көмегін жұма намаздан соң алды. Алғаны жайлы тіркеу кітабында қойған қолымен (подпсиь) бірге жазылған. Аталмыш тіркеу кітапшасының сол күнгі бетін сканерден өткізіп сурет ретінде төменде ұсынып отырмыз. Бұл бірілген көмек мешіт қаржысынан емес, мешіт молдасы Омардың жеке өзі берген садақасы болатын.

31 арна «имамдар үш сағат далада ұстап, қайтарып жіберген» деп айтты. Ол күні жұма намаз, имам уағызға дайныдалады. Көмекшісі уағыздан бұрын 1 сағат құран оқиды. Құраннан соң имам 45 минут уағыз айтады. одан соң шамамен 20-30 минут намаз оқылады. Осылайша 3 сағат уақыт өтетіндігі рас. Бірақ имамдар ол кезде Эльмира ханымды күттіріп қойған жоқ, жұма намаздан соң келіңіз деп айтты.

31 мен 7 теле арна кеше мешітімізге келіп Бас Имамнан сұхбат алды. Имам көмек берілгендігі жайлы жауап берген болатын. Берілгендігі жайлы тіркеу кітапшасын көрсетем дегенше журналистер оған қарамастан кетіп қалды. Осылайша 31 арна «Орталық мешіттің бас имамы бұл отбасы жайлы естімегенін айтып ат тонын ала қашты» деп арнадан көрсетті.

Шымкентте мүгедектер имамдардан көмек сұрайды. Ал, Шымкентте балаларын мектепке жібере алмай, мешіттен көмек сұрап келген мүгедектер отбасын, имамдар үш сағат далада ұстап, қайтарып жіберген.  Жалпы облыс аумағында 87 мыңнан астам мүгедек жан бар. Оларға мемлекеттен жәрдемақы белгіленген. Әлеуметтік мұқтаж жандарға берілетін атаулы көмекті арнайы комиссия анықтайды екен.
ЭЛМИРА САБЫРАЛИЕВА:
- Соңғы үмітін арқалап Алла уйіне барғанда көрген қорлығын әлі ұмыта алар емес. Үш баланың анасы биыл үлкен ұлы Арсенді мектепке дайындаудың қиынға соққанын айтады. Екінші ұлдары Әлжан да жоқтықтың кесірінен биыл мектеп табалдырығын аттай алмай отыр. Бауыр еті баласының қамымен келген ата-анаға мешіттегілер кешкі дастарханнан дәм татуға шақырумен шектеліпті.
ЭЛЬМИРА САБЫРАЛИЕВА, I ТОП МУГЕДЕГІ:
— Мешітке үміт артып барған едім енді өзіміздің мұсылман ғой, көмектесер деп. Көмек болмады. Маған оңай деймісіз коляскамен бару. Әрең дегенде барғанда.
Мүгедек жанды тіпті арбаңның дөңгелегі лас деп мешіт ішіне де кіргізбей қойған екен.  Жұбайының жанында болған Жанғали жоқтықтың кесірінен Қасиетті рамазан айында мешіттен қамқор іздеп барғанын айтады. Жарым жан қоғамның мүгедектерге деген безбүйректігіне үйреніп те кеткен.
ЖАНҒАЛИ ҚАЛДАРОВ. 3 ТОП МҮГЕДЕГІ:
— Биыл мектепке кітап сатып алу керек деді. Құралдары бар. Мемлекеттен көмек болмаған соң, мешіттен мынадай болған соң, осының бәрі мүгедекті түңілтіп жібереді.
Орталық мешіттің бас имамы бұл отбасы жайлы естімегенін айтып ат тонын ала қашты. Бірақ,  биылғы Рамазан айында жүзден астам отбасына пітір садақадан тускен ақшаға азық-түлік таратып, көмек беру көзделгенін жеткізді.
БАҚЫТЖАН БЕКТҰРСЫНОВ, ОҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мектепке ондай нақты көмек өарастырылмаған. Акциялар болады. Демеушілер бар. Сол кезде мектеп алды дайындыққа қалам-кітап таратады.
Ал қайырымдылық шаралар әкімшілік тарапынан ұйымдастырылады. Сабыралиевтер отбасы ешбір тізімге енбей қалыпты.

Бейне мен мәтіннің орналасқан жері..

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Курметти имамдар ол кыз сиздерге тагы келеди сол кезде Кошкаратанын суына лактырып жибериниздер,,,, сосын 31 мен 7 арнаны алып келип тусирсин, сол кезде шындык болады.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Бұндай бәлқорларды соттап, мешіт имамдарының абыройын сақтап қалу керек.


  3. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Негизинен мешит журтка акша тарататын банк емес кой. Муны да каперге алган жон


  4. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    жала жабугой, барып турган арсыздык,тырнак астынан кир издегендердин тирлиги.Аллаһ ози тауфик берсин

Пікір жазу