ҚР Президенті еліміздегі мұсылман жамағатын қасиетті мереке — Ораза айтымен құттықтады

Бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында өткен әскери шеру барысында ҚР Президенті, ҚР Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі мұсылман жамағатын қасиетті мереке — Ораза айтымен құттықтады.
«Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығындағы бүгінгі Конституция күнінің маңызы айырықша. Сондай-ақ бүгінгі мерейлі мереке дүниежүзі мұсылмандарының ұлық мейрамы — Ораза айтпен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміздегі мұсылман жамағатын қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заңды ардақтаған өнегелі еліміз өркендей берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, еліміз мәңгі болсын. Ұлттық армияның айбыны арта берсін. Отанымыз Қазақстан жасасын»,-деді Н. Назарбаев. АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат  /Қанат Мәметқазыұлы/

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу