Мешітке барғанымызда алдымызда отырғандардың сәждеге еңкейгенде белі ашылып қалып жатады. Ол әурет жердің ашылуына жата ма?

Мешітке барғанымызда алдымызда отырғандардың сәждеге еңкейгенде белі ашылып қалып жатады. Ол әурет жердің ашылуына жата ма?

Жауап:

Ша­ри­ғатта әу­рет саналатын мү­ше­лер­дің на­маз­да не­ме­се на­маз­дан тыс жерлер­де жа­бы­луы – па­рыз. Ер­лер­дің әу­рет жер­ле­рі: тізе мен кін­діктің арасы. Бұ­ған Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.):

عَوْرَةُ الرَّجُلِ مَا دُونَ سُرَّتِهِ حَتَّى يُجَاوِزَ رُكْبَتَيْهِ

«Ер адамның әуреті – кіндіктен төмен тізесінің астына дейінгі жер»[1], деген хадисі дәлел. Әйел үшін жүз, қол, тобыққа дейінгі аяқтан басқа бар­лық де­не әу­рет.

Расулуллаһ (с.ғ.с.):

أَسْمَاءُ إِنَّ الْمَرْأَةَ إِذَا بَلَغَتْ الْمَحِيضَ لَمْ تَصْلُحَ أَنْ يُرَى مِنْهَا إِلَّا هَذَا وَهَذَا- وَأَشَارَ إِلَى وَجْهِهِ وَكَفَّيْهِ يَا

«Әсма! Әйел баласы ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен кез­де оның мы­на мүшелерінен бас­қа жер­ле­рі­нің кө­рі­нуі дұ­рыс бол­майды. Аллаһ ел­ші­сі осы сөздер­ді айт­қан кез­де қол­да­ры мен жү­зі­не иша­рат ет­кен еді»[2] дейді.

Айша анамыздан­ (р.а.) жет­кен бір ха­дис­те:

لَا يَقْبَلُ اللّهُ صَلَاةَ امْرَأَةٍ حَاضَتْ إِلَّا بِخِمَارٍ

««Аллаһ етеккір көрген (яғни, балиғат жасына жеткен) әйелдің орамалсыз оқыған намазын қабыл алмайды»[3] – деп шаш­ты да жа­бу ке­рек­ті­гі­н айтқан.

Жабылуы қажет ағзаның төрттен бірінен артық бөлігі «Суб­ха­наллаһил-а¢зим» дей­тін­дей уа­қыт мөлшерінде еріксіз ашылып кетсе, на­маз бұ­зы­ла­ды. Ал егер өз ер­кі­мен біле-тұра ашқан жағдайда, сол сәтте-ақ намаз бұзылады. Сондай-ақ ашылып қалған ағза бірден жабылса, намаз бұзылмайды.

Егер намаз барысында тізе, немесе белі ашылса, намазға кедергі емес, өйткені ол төрттен бір мөлшерден аз болып саналады. Алайда ұзын киімі бола тұра белі немесе тізесі ашылатындай қысқа киім кию мәкрүһ. Абзалы, бел, тізе ашылмайтындай етіп киіну. Намаз оқу барысында тобығы ашылып қалса, әйел адамның намазы бұзылмайды. Тобығы мен тізесінің арасы бір ағза саналғандықтан, тобық ағзаның төртте бірінен аз болып табылады.

А.Ұтысхан


[1]  Ахмәд ибн Ханбәл, 2/187

[2] Әбу Дәәуд, Либас, 31

[3] Ибн Мажә, Таһарат, 132

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу