«Абу Райхан Беруни» мешіті

«Абу Райхан Беруни» мешіті Шымкент қаласы, Әл-Фараби  ауданы, Забадам елді-мекенінде орналасқан. Мешіт 1994 жылы жергілікті тұрғындардың қаржысымен салынған.

Жалпы ауданы 3 сотық. Мешітітң есігі мен терезелері ағаштан жасалған. Қабырғасының биіктігі 12 метр. Қаңылтырдан жасалған бір күмбезі бар. Екі жанында кіші мұнара орнатылған. Шатыры ақ қаңылтырмен жабылған. 250 адам намаз оқитын үлкен залдан, имамның қызмет бөлмесі, киім шешетін кіреберіс бөлмеден  және дәрісхана бөлмелерінен тұрады. Үлкен залында Құран аяттары мен хадистер жазылған. Бір келкі жайнамаз кілемдер төселген.

Қабырғасы күйдірілген кірпішпмен өрілген. Дәретхана аулада салынған. Ауланы абаттандыру мақсатында жеміс ағаштары  отырғызылған. Жазда сауат ашу курсы жұмыс істейді.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Пікір жазу