Дінбасы — АЛҒЫ СӨЗ

АЛҒЫ СӨЗ

Бүкіл әлемді Жаратқан иеміз Алла Тағалаға мақтаулар, Пайғамбарымыз хазіреті Мүхаммед (с.ғ.с.) салауаттар болсын. Әумин.

Қолыңыздағы кітапта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің түрлі кездесулер мен сұхбаттарында айтқан және жарияланған кітаптары мен мақалаларынан алынған қанатты да ғибратты сөздері жинақталған. Онда дінбасының халыққа, жастарға айтқан өнегелі өсиет сөздері және Ислам дінінің мәні мен мағынасы, қоғамдағы рөлі жайында түсінікті әрі қысқа да нұсқа айтылған.

Әбсаттар қажы Дербісәлі дінбасы болып сайланғалы тәуелсіз Қазақстанда Ислам діні едәуір қанат жайып, арнаулы оқу орындары — медресе, имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты мен Нұр-Мұбарак Египет Ислам мәдениеті университеті ашылды.

Бүл жетістіктерге жетуіміз дінбасымыздың істеген еңбегінің жемісі. Бірақ, әлі де күн тәртібінде тұрған мәселелер жеткілікті.

Алла Тағала елімізге амандық, ашық аспан, бейбіт өмірді нәсіп етсін.

Кітапшамыздағы дінбасымыздың ғибратты сөздерін әртүрлі тақырыпқа бөліп, бүкіл халық, мемлекет басшылары, жастар, діни қызметкерлер жөне әртүрлі саладағы азаматтарымыз оқып, көңілге түйсе, иманды ұрпағымыз көбейері сөзсіз

Мысалы, дінбасымыздың: «Біз — қазақтар, Ислам дініндегі халықпыз. Ислам дінінен ешқайда кетпейміз. Ол біздің әдет-ғүрпымыз, тіршілігіміз, ол — біздің қанымызда, жанымызда»; «Ислам діні -біздің өмір салтымыз және жастарды да сондай  ұлтына ұстын, халқына тұлға боларлық рухта төрбиелеуіміз қажет» деген сөздерінің мәніне ой жүгіртелік. Қазіргі таңда ұрпағымыз өнегелі болсын десек, имандылықты серік етіп, ата-бабамыздың салт-дәстүріне, тіліне, діліне таза қанықсын, оның кәусарынан сусындасын.

Бұл кітапша теңізге тамған тамшыдай болса да, әрбір іңкәр жүрекке жетер деген сенімдеміз. Қазақ атам айтады ғой:

Жаманның артында жаман ісі қалар,

Жақсының (ғалымның) артында хат қалар.

Осы еңбегімізді Алла Тағала мол сауапқа жазғай. Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәліге Аллаһ Тағаладан деніне саулық, күш-қуат, елімізде Ислам дінін осылай көркейте бергей деп тілейміз.

Әбсаттар қажы Дербісәлі үлкен тәлімгер, ірі үлағатты түлға әрі мен үшін рухани үстаз!

Алла разы болсын!

Әмин.

Мухамеджан Естеміров.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: ,

Пікір жазу