Хайыз және нифас кітабы – ЕТЕККІР ЖӘНЕ НИФАСТЫҢ ҮКІМДЕРІ

1) Етеккір және нифас қандары тоқтаған соң бой дәрет (ғұсыл) алу керек. Алла Тағала:

«(Ей, Мұхаммед!) олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: «Ол жиіренішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар толық тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар де», — деп әмір еткен.

Пайғамбарымыз (с.а.у) Фатима бинт Әбу Хубайшқа (р.а.): «Етеккір кезінде намазды тоқтат. Қан тоқтаған кезде жуынып, намазыңды оқы», - деген болатын.

2) Әйел заты етеккір келуімен балиғат жасына толып, шариғат үкімдеріне жауапты болады. Хадис шәрифтердің бірінде: «Алла етеккір келетін жасқа жеткен әйелдің намазын тек орамалымен ғана қабыл етеді», — делінген. Бұл хадис балиғатқа толған әйел затының киім мәселесіне көңіл аударуы қажет екенін аңғартады.

3) Күйеуімен ажырасқан әйелдің үш етеккір мерзіміндей иддет күтуі оның жүкті еместігін білдіреді. Өйткені жатырдың тазалығының білінуі иддеттің негізгі себебі болып табылады.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Пікір жазу