Шейіт болған сарбаздар рухына Құран бағышталды

Түрік Республикасы, Дианет істер басқармасы, Болу қаласынадағы «Имамдардың білімін жетілдіру орталығында» іс тәжірибеден өтіп, діни біліктіліктерін арттырып жатқан  имамдар Алматы облысының Арқанкерген шекара бекетінде қапыда шейіт болған сарбаздар рухына 5 маусым күні бесін намазында арнайы Құран бағыштады.

Оны топ жетекшісі әрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы еске алып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия Мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қайғылы оқиғаға байланысты отандастарымызға жария үндеуін таныстырды.

Мұның бәрі Алла тағаланың сынағы деп қабылдаймыз. Басқа түскен қайғыға сабыр ету, тек Алладан медет тілеу – ол да иманнан. Сол үшін сабыр сақтап, ұстамдылық таныту қажет!

Жаратушы Иемізден Отанымызда бұдан былай азалы күн болмауын, туы төмен түсірілмеуін тілейміз. Халқымыз, отанымыз аман болып, туымыз асқақтап желбірей берсін, Әмин!

 Бір топ имамдар

 Түркия, Болу қаласы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу