Жазғы демалысты тиімді өткізудің жолы

Шымкент медресесінің түлегі, «Төлепбек қажы» мешітінің имамы Сәуірбаев Үсен ауыл балаларына имандылық курсын өткізуде.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп үйреткендерің» деген хадисін негізге алған имам, медреседе оқып-түйгендерін шәкірттерге жеткізуді мақсат тұтып келеді.

Осының әсерінен болса керек, жазғы демалысқа шыққан оқушыларды жанына жинап дәрісті бастап жіберді.

Ол алдымен шәкірттердің ой-өрісін кеңейту, танымын арттыру мақсатымен Төлеби ауданындағы орталық «Нұр» мешітінің (суретте) тыныс-тіршілігімен таныстырып, өзінің білім алған ордасы Шымкент медресесіне де арнайы ат басын тіреп қайтты.

Ауылдағы әрбір жеткіншек иман бұлағынан сусындап өссе аспас асу, бағындырмас белес қалмақ емес еді.

Мешіт имамына Алла разы болсын.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


8 − = 7