Шардара ауданы: Діни ағымдардың алдын алу (Шардара ауылы «Ш. Уәлиханов» мектебі)

Қазан айының  24 — ші жұлдызында  Шардара  ауылы «Ш. Уәлиханов» жалпы орта мектебінде  ауыл ақсақалдары мен мектептің жоғарғы сынып оқушыларының  қатысуымен  «Діни ағымдардың алдын алу», «Дін тұрақтылығын қалыптастыру»  атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге түзілген жоспар аясында аудан әкімшілігінің жанынан арнайы құрылған ақпараттық  — насихат топ мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы  Әліпов Бақтыбай, аудан имамы Асылхан Данияров, ішкі саясат бөлімінің маманы, дін танушы Байкұлов Мырзабай, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры Сапарғали Мырзахметов, «Өскен — өңір» газетінің фото — тілшісі Оңласын Төлегенов, ауыл әкімінің орынбасары Абуов Құрал, мектеп директоры Бұрхан Нышанбай, ауыл имамы Смат Абдраманов қатысты.

           Аудан имамы Асылхан Данияров  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  жанынан шығатын халықтың сүйікті басылымына айналған  төл басылым «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын көпшілікке таныстырып, 2013 -  жылға жазылудың жүріп жатқанын тілге тиек етті.

           Жиналыс соңынан мектеп директоры Бұрхан Нышанбай мектеп жанында орналастырылған теплицада өсіріліп жатқан қызанақ, қияр дақылдарын көрсетіп таныстырды

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу