Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария ауылы Салықбай ата мешіті
Мешіт сипаттамасы

Шардара ауданы Көксу ауыл округіне қарасты Сырдария елді мекенінде, К. Ендібаев көшесінің бойында Алланың  жердегі  үйі орналасқан.  Мешіттің құрылысы 2009 жылы басталып, 2011 жылы аяқталған. Мешіттің салынуына мұрындық болған осы аталған ауылдың тумасы аудандық мәслихат депутаты Куметов Болатбек Салықбайұлының  демеушілігімен салынынған. Мешіттің орналасқан жері ауыл орталығы халықтың көп шоғырланған жеріне салынған.

Мешіттің ішкі сипаттамасы: Мешіттің көлемі 13.50 х 13.50 метрді құрайды. Мешіт қазіргі уақыт талабына сай күйген қышпен заманауи үлгіде салынған.

Мешіт іші төрт бөлмеден тұрады. Мешіт ішіне кіргенде оң қанатында  имам бөлмесі,  сол қанатында әйелдер намаз оқитын бөлме орналасқан. Алдында  намаз оқитын үлкен зал,  төр жағында михрабы орналасқан. Мешіттің ішкі биіктігі 5 м.  Алла үйіне бір мезгілде 200 адам намаз оқи алады.  Мешіт төбесі ақ түнікемен жабылған. Мешіттің биіктігі 12 м. Үстіндегі күмбездің диаметрі 4 метр, биіктігі 4 метр. Төрт бұрышында кіші  күмбездер орнатылған. Оның биіктігі 1.50 м, ені 1.0 м.  Мешіттің 6 терезесі бар оның өлшемі 2.30 х 1.80 см, және 2 үлкен есігі оның өлшемі 2,20 х 1.80см, 2 кіші есік өлшемі 2.0 х 1.0. Мешітке көгалдандыруға бөлінген жер  ауласы өрнектелген  темір қорғанмен қоршалған. Оның жалпы көлемі  2267.25 шаршы метр жер аумақты құрайды.

  1. намаз оқитын зал 13.5 х 10 - 13.5 ш. м.
  2. имам бөлмесі 3 х 3.5 - 10.5 ш.м.
  3. Әйелдерге арналған бөлме 8 х 3.5 - 28 ш. м
  4. Кіре беріс бөлме 3 х 3.5 - 10.5 ш. м.

Мешіттің мемлекеттік актісі ҚМДБ - ның атына  алынып, аудан имамына тапсырылған.

Салықбай ата мешіті ҚМДБ - на филиал болып тіркеліп құжаттары ОҚО Әділет департаментіне тіркеліп бизнес сәйкестендіру нөмерін алған. Қазіргі таңда мешіт ауласы темір шарбақпен қоршалу үстінде.