Қазан  айында Шардара ауданы Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» жалпы орта мектебінің актив залында  ҚМДБ - ның ОҚО бойынша өкіл имам 1 орынбасары Ербосын қажы Орын, Арыс ауданының бас имамы Абдукамал Абдулкарим бастап келген ауыл имам молдалары, Шардара ауданы бойынша ауыл имам молдалары    ауыл әкімі, мектеп директоры, мектептің жоғарғы сынып  оқушыларының қатысуымен «Діни экстремизмнің алдын алу» атты тақырыпта семинар  өтті. Семинарды мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қыдыров Нұрлыбек жүргізіп отырды.  Сөз алған өкіл иманың 1 орынбасары Орын Ербосын қажы Алла тағала баршаңыздан разы болсын. Осы бүгінгі сіздерде өтіп отырған көшпелі семинарымыз Шардара ауылы, Қазақстан ауылы, Ұзын ата ауылы, 60 жылдық ауылы, Сүткент ауылында рет кезегімен семинарлар өткен.  Бүгінгі бас қосуымыздың қаншалықты маңыздылығын әр - біріңіз дұрыс түсінесіз. Баршаңызға мәлім қазіргі таңда кең байтақ еліміз Қазақстан Егеменді ел  болып Тәуелсіздіктің туы желбірегелі  бері жердің түкпір - түкпірінен мешіттер бой көтеріп, құдайға шүкір намазға келуші жастар өте көп. Еліміз Қазақстан көп ұлтты, көп конфессиялы, зайырлы мемлекет. Тілі басқа, діні бөлек бірақ мақсаты мен мүддесі бір ұлттар өзара ауызбірлік пен ынтымақтастықтың арқасында тату - тәтті өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің өсіп - өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезінің негізгі тақырыбы да татулық пен бейбітшілікке, ұлтаралық, дінаралық  достық мәселелеріне арналады. Құрметті жастар бірінші кезекте білім мәселесі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадисінде «Білім іздеу әр - бір ер мен әйелге парыз», - деді. Демек мектеп қабырғасынан бастап білімге деген құштарлық күшті болуы тиіс. Қазіргі таңда уақыттың талабы білімді де білікті болу.

Басшыға бағыну яғни Алла тағала қасиетті Құран кәрімде баян етті: «Аллаға бой ұсыныңдар, пайғамбарына бой ұсыныңдар, араларыңнан шыққан басшыға бой ұсыныңдар», - деді.

Қазіргі таңда баршаңызға мәлім көптеген жастарымыз сан қилы әр - түрлі ағымдардың құрбаны болып жүрген жағдайы бар. Білімсіздіктің салдарынан ата бабамыздың ұстанған жолы имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а) жолын мойындамай мазхаб ұстанбаймыз, Құран, хадиспен ғана жүреміз деп шатасып жүргендер бар. Тіпті атам қазақтың ұстанған салт - дәстүр, әдет - ғұрпын жоққа шығарып, біз хақиқи мұсылманбыз деп адасуда.

Әр - бір елдің ұстанған әдеп - ғұрпы салт - дәстүрі болады. Тілі, діні, мәдениеті, тарихы, дәстүрі. Құранда «Рұм» сүресінде Аллаһ тағала айтады: «Адамдар ұлтқа, ұлысқа бөлінеді», - деді. Демек араб болу шарт емес. Қазіргі жастардың «Сәләфилік» ағымға еліктегендер тіл тек қана араб тілі болу керек деп түсінеді.  Сол себепті мешітте қызмет етуші имам, молда әр кері тартпа діни ағымдарды талдап жұртшылыққа түсіндіре білулеріңіз  қажет. Баршамыз Алланың біздерге жүктелген аманатын өз дәрежесінде лайықты арқалап қызмет атқарайық..  Дін - насихат демек әр түрлі тәсілмен уағыздау - насихаттау. Алла тағала Елімізге тыныштық , халқымызға амандық берсін. Семинардың жалғасы  Шардара қаласы «Шардара» орталық  мешітінде ауыл имам молдалармен қатысуымен  жалғасын тапты.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров