Құрметті қолданушылар мен қонақтар! Сұрақты қатесіз, қолдан келгенше қазақша (латын әріптері емес), дұрыс жазуға тырысыңыздар. Егер қателер болса жөндеуге тырысыңыз.

Сізге білінбейтін шығар. Бірақ сұрақтардың көпшілігі қате жазылады. Сауатсыз адам жазып жатыр ма деген ойға қаласың кейде..

Сұрақтың тақырыбы жазылмаса (мысалы "Ассаламу алайкум") деп жазылса өшіріледі. Себебі оқырмандар сұрақтың тақарыбына байланысты қарайды.

674 сұрақ

476 жауап

9 пікір

293 қолданушы

  • Тіркелу

Қарыз намаздарды өтеу

 

Кеңес одағы заманында атеист болып тәрбиеленген біздердің исламды танып,  намазға жығылғанымызға көп болған жоқ. Осыған дейінгі өтелмеген намаз қарызы мен ораза қарызын арқалап Аллаһ тағаланың алдына баруға қаһарынан қорқамын. Қазір оларды өтеудің жолдары бар ма?

Хасан Яваш «Намаз кІтабының» 127-бетінде «... жылдар бойы намаз қарыздары болғандар намазға  тұрған кездерінде, сүннетті орындап жатқанда сол уақыттың алғашқазаға қалған намазын қаза етуді ниет етіп оқуы керек. Бұлардың сүннеттерді қаза намазы үшін ниет етіп өтеуі төрт мазһабта да қажетті. ... бесін намазының алғашқы төрт рәкатын оқырда ең алғаш қаза болған бесіннің парызы ниетімен қаза ету керек. ...Қысқасы, қанша жылдық қазасы болса да ниет етіп оқуды сонша жыл жалғастырады...» деп жазыпты. Біздің имамнан сұрағанымда, ол қате деді.

Түсінігін берсеңіздер екен. 3-қыркүйекте берген осы сұрағымды жауап алмаған соң қайталап отырмын.

абд (140 балл) 19 Қыркүйек Намаз сұрақ қойды

Ұнайды