Құрметті қолданушылар мен қонақтар! Сұрақты қатесіз, қолдан келгенше қазақша (латын әріптері емес), дұрыс жазуға тырысыңыздар. Егер қателер болса жөндеуге тырысыңыз.

Сізге білінбейтін шығар. Бірақ сұрақтардың көпшілігі қате жазылады. Сауатсыз адам жазып жатыр ма деген ойға қаласың кейде..

Сұрақтың тақырыбы жазылмаса (мысалы "Ассаламу алайкум") деп жазылса өшіріледі. Себебі оқырмандар сұрақтың тақарыбына байланысты қарайды.

420 сұрақ

357 жауап

9 пікір

177 қолданушы

  • Тіркелу

«адамның қарғысы, назы жібермейді»

Саламатсыздар ма?

Алдымен қысқа ғана болған оқиғаны шолып өтейін.

Ауылдан, тәрбиелі отбасынан шықтым. Мінезім салмақты, бірдоға жанмын... Адаммен араласу үшін маған ұзақ уақыт керек.

Жоғары оқу орнымды жақсы аяқтадым. Жұмыс істеп жүрмін (қазір де ........) енді тұрмыс құрсам, отбасылы болсам деп жүргенде Е.  (ол жігіт ҚМДБ жанындағы имамдар даярлайтын Ислам институтын оқыған) деген азаматпен таныстым... Жұбымыз жарасқандай болды, «қыз болмасаң алмай» деген соң, босағасын аттамай жатып қыз екенімді оған дәлелдедім. Мен келем мені тос деп сол кеткеннен мол кетті (турасы мені алдап, тастап кетті)...

Қазір тұрмысқа да, бала да сүйе алмай жалғыз жүрмін...

13 жыл уақыт өтсе де маған істеген жамандығын ұмыта алмаймын.

Жанымды осынша жаралағаны үшін, қанша қиындық көргенім үшін оны күні-түні жылап, қарғаймын.  Өзімнен қорқамын, кейде кек алып, есемді қайтарсам деп ойлаймын. Әрине, дұрыс емес екенін де білемін.

Жасым өтіп барады, жалғыздық жанымды жейді, басқа адамға қарай алмадым.

Ол - бақытты балалы-шағалы. Есебі түгел.

Айтайын дегенім үлкендерден еститін едім «адамның қарғысы, назы жібермейді» деп. Қарғыс айтқан деген дұрыс па? Оған қарғысым тие ме? Не істеме екен? Ақыл айтыңызшы?
белгісіз 11 Мамыр Басқа сұрақ қойды

Ұнайды