Құрметті қолданушылар мен қонақтар! Сұрақты қатесіз, қолдан келгенше қазақша (латын әріптері емес), дұрыс жазуға тырысыңыздар. Егер қателер болса жөндеуге тырысыңыз.

Сізге білінбейтін шығар. Бірақ сұрақтардың көпшілігі қате жазылады. Сауатсыз адам жазып жатыр ма деген ойға қаласың кейде..

Сұрақтың тақырыбы жазылмаса (мысалы "Ассаламу алайкум") деп жазылса өшіріледі. Себебі оқырмандар сұрақтың тақарыбына байланысты қарайды.

420 сұрақ

357 жауап

9 пікір

177 қолданушы

  • Тіркелу

Орамал тағу – Алланың әмірі

ассалиямуғалейкум!орамал тағу Аллахтың әмірі дейді ғой менің анам қатты қарсылық білдіріп жатыр орамал тағуға!қандай амал қолдансам болады?әурет жерімді ашып жүрем деп қиналдымғой(сабыр сақтаудан басқа амалым қалмады менің аса күшті Раббым Аллах Тағаланың әмірін орындауға әрине ниетім бар,бірақ қатты сынақтан өтіп жүрмін!муслим хадисінде келедіғой"шынайы сабыр-соққының ең алғашқы тиген сәтіндегі САБЫР"дейді ғой таяқ жеп жүргенім соншалықты жасып жүрген сәждемнен айырылғым келмейді!маған көмектесіңіздерші қандай амал қолдануға болады?анамды қалай көндірсем болады?
Тамиза (120 балл) 11 Мамыр Иман сұрақ қойды

Ұнайды

1 жауап

Уа алейкум ассалам! Аллаһ жәрдемшіңіз болсын. Сабырлы болыңыз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде "Мен әрқашанда сабырлылармен біргемін" деген. Бұның барлығы өткінші сынақтар екендігін ұмытпаңыз. Анаңызға жұмсақтықпен қарым қатынас жасаңыз. Барынша қызметін қылып көңілін баурауға тырысыңыз. Қанша ұрыссада, ұрсада сіз ол кісіге қарсы шығып, көңілін ауыртатын сөздер айтпаңыз.  Ата-анаға дауыс көтеріп ұрысып сөйлеуге перзенттің ешқандай ақысы жоқ. Барлығы бір Алланың қолында. Сондықтан анаңыз үшін Аллаһқа көп-көп дұға жасаңыз. Иншаллаһ, Аллаһ Тағала анаңыздың жүрегіне шынайы иман нәсіп етсін.
Абдурахман Нұрматов (2,260 балл) 17 Мамыр жауап берді