Алла тағала Қасиетті Құран Кәрімде баян етеді:«Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, бұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу–шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»,-деп бұйырды. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Палшыға пал аштырған адам оның сөзіне сенбесе де қырық күн оқыған намазы қабыл болмайды.» (Мүслім)