Дауысты әріптер Subscribe to Дауысты әріптер
Әфақ аумағы
Әфақ аумағы – Миқаттың сырт жағы. Қажылық амалдарын бастау үшін ихрамға кіретін бес миқаттан тысқары барлық жерлерді «Әфақ аумағы» деп атайды.
Иғтиқаф
Иғтиқаф: Бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау. Мешітте яки соған ұқсас жерде ғибадат ниетімен белгілі бір мезгіл сол жерде қалу.
Әурет
Әурет: Қарауы харам, жабылуы парыз мүшелер. Ер кісілер үшін кіндік пен тізенің арасы, әйелдер үшін бет-жүзі, білекке дейінгі екі қолы және тобыққа дейінгі екі аяғынан басқа барлық жерлері.
Айт намазы
Айт намазы: айт намазы ораза және құрбан айт намазы деп екіге бөлінеді. Ораза айт намазы – ай күнтізбесі бойынша рамазан айы біткеннен кейін, шәууәл айының алғашқы күні сәске уақытында оқылатын,… Толығырақ
Азан
Азан — «азан» сөзінің араб тіліндегі лексикалық мағынасы: «жариялау», «хабар тарату». Шариғаттағы терминдік мағынасы: белгілі сөздермен намаз уақытының кіргенін жариялау.