Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына жасалған үндеуіне үлес қоса отырып Арыс қаласы орталық мешіттің ұйытқы болуыменен шілде айының 13-ші жұлдызы күні қала ішіне, стадион, задария, хлапком, ПМС, көктем мөлтек елді-мекендеріне қатынайтын барлық қоғамдық көліктер тегін қызмет жасады. Тағы бір ерекшелігі көлікке мінген жолаушыларға түрлі діни сұрақтар қойылып жауап берген азаматтарға сыйлықтар берілді. Жолаушылар рахметтерін айтып, ата-апаларымыз ақ баталарын берін, жастарымыз Рамазан айымен құттықтап жаты.
Арыс қаласы орталық мешіт баспасөз қызметі