«Ат-Тажул Жамиь лил усул» кітабына дұғаның әдептері туралы:
1.Қыблаға жүзін бұру
2.Аллаһ тағалаға мадақ, мақтау, тасбихпен бастау
3.Басында және соңында Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.у-ға салауаттар айту
4.Дұғада қолды көтеру,және дұғадан соң бетті сипау
5.Жасаған дұғаның Аллаһ тағала қабыл ететініне нық сеніммен сеніп, әрдайым жасау.
Дұғадан соң бет сипау жөнінде хадистер жайлы:
Бірінші хадис: Омар (р.а)-дан риуаят етілген хадисте: «Расулуллоһ с.ғ.у дұғада қолдарын көтерсе, жүздерін сипамағанша түсірмейтін»
Екінші хадисте: Ибн Аббас р.а риуаят етіледі: онда Наби с.ғ.у айтады: «Аллаһтан алақандарыңыздың ішімен сұрағың, сыртымен сұрамағың, егер дұғаны бітірген болсаңыз, олармен жүздеріңізді сипаңдар»
Демек шариатта дұға еткенде жүзін сипау бар.
Бірақ мұнда мән беретін нәрсе ықыласты болу және халалдан жеп-ішу, харам етілген істерден сақтану, Аллаһтың бұйрықтарын орындау шарттарымен.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы
Бейбіт Әліпбекұлы
6 Апрель, 2013 | 18:29
Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154
Ассаламу алейкум. Бауырлар СУННАмен журмиз деп суннеттен калыс калмайык…