Алматы қаласы Орталық мешітіндегі наиб имамдары қатары толықтырылды. Кентау қаласының тумасы Дүйсебаев Нұрболат бүгіннен бастап осы мешітте наиб имамдық қызметіне кірісті.
26 жастағы жас имам өзінің алғашқы діни сауатын Шымкент қаласындағы «Даруль-аль-аркам» медіресесінде ашып, қари атағын алып шығады. Осыдан кейін Нұр-Мүбәрәк университетінде жылға жуық дәріс алған ол Ливияның Триполи қаласындағы «Ад-Дагвату аль-Исламия» университетінің колледжіне оқуға түседі. 2013 жылы оқуын тәмамдаған ол елімізге оралып, дін жолындағы қызметіне кіріскен болатын.
Пікірлер