Келес өңірі: Жастарды әдептілікке баулу

8 сәуір күні Сарыағаш ауданы Келес  өңірі Абай ауылындағы № 13 колледжде қазіргі таңда жастар арасында көптеп кездесіп жатқан құқық бұзушылықтың алдын алу және  әдептілікке баулу  мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге Абай ауыл әкімшілігі жастармен жұмыс істеу бөлімінің қызметкері Сейткасимова А. Абай ауыл билер кеңесінің мүшесі Қалғанбаев  А. «Ешан баба» мешітінің бас иамамы Аристанов У.  қатысты. Кездесу барысында мешіт имамы Аристанов У Пайғамбар (с.а.у) – ның «Әлбетте мен көркем мінез, әдепті толықтыру  үшін жіберілдім» деген хадисінен бастап Бауыржан Момышұлы атамыздың «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бойсынған құл болмайды» деген сөздерін тілге алып  өтті.  Әдепсіз білім адамға пайда бермейтндігін айта келе Әбу Насыр әл Фараби бір сөзінде «Әдепсіз алынған білім адамзаттың қас жауы» дегенін айтып өтті. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып тұшымды жауаптар алды.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники