Әлемдік Ислам Лигасы Елбасымызды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісімен Әлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдалла бен Абдул Мухсин ат-Турки құттықтады. Оның айтуынша, Әлемдік Ислам Лигасы мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастың дамуына Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор.

Абдалла бен Абдул Мухсин ат-Турки, Әлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы:
- Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның Ислам жолында атқарып жүрген қызметін ерекше қадірлейміз. Орта Азия мемлекеттері мен Ислам әлемі, оның ішінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың көкжиегін кеңейтуге қосқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен мұсылман мемлекеттерінің ынтымағы алдағы уақытта да нығая береді деп сенеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз құрметімді білдіре отырып, Алла Тағаланың нұры жаусын демекпін!
Ақпарат көзі: www.khabar.kz

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Ілмектер: , ,

Пікір жазу