Тауап жасағаннан кейін Сафа төбесіне барып, Хажарул-Әсуәдке (қара тас) сәлем бергеннен кейін қажылық болса қажылық сағиі үшін, умра болса умра сағиі үшін ниет етеді. (Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Сафа және Мәруа төбелерінде жеті рет қажылық (немесе умра) сағиін жасауды ниет еттім. Бұны маған жеңілдет және менен қабыл ал!) Тәкбір, таһлилдермен қоса зікір айтып, дұға жасап, Мәруа төбешігіне қарай жүреді. Сафадан Мәруаға төрт рет бару және Мәруадан Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқтайды. Ер кісілер Сафа мен Мәруа жолындағы жасыл белгілер орнатылған діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдармен жылдам-жылдам жүреді. Жасыл белгілерден өткеннен кейін ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нәпіл сағи жасалмайды.
Біз Құранды білеміз бе?
- Басты бет
- Бас Мүфти
- Бас Имам
- Жаңалық
- Уағыз
- Фиқһ
- Галерея
- Термин
- Іс-шара
- Admin
- Жұма уағызы
- Балапан
© 2015 Қаттани мешіті. Барлық құқықтары сақталған. Көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті. Сайтта басқа ақпарат көздерінің де мақалалары бар. Олар үшін жауапкершілік бізге жүктелмейді | Сайтты жасаған: Ұлықбек Алиакбарұлы.