Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері департаментінің директоры Батырбек Жалмұрзаев өңір бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен кездесті.
ҚР Дін істері агенттігінің мәліметінше, кездесуде өкіл имам облыстағы 670 мешіттің облыстық Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өткенін хабарлады.
Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан 670 мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары ретінде тіркеуден өтті.