Е.Орын: «Рамазан айының қасиеттері»

Ораза- парсы тілінен енген сөз. Араб тілінде бұған  «саум» делінеді. Ал «Саум» — бір нәрседен алшақ тұру, адамның өз-өзін ұстау дегенге саяды. Оразаның шариғаттағы мағынасы – екінші шапақтан  бастап, күннің батуына дейін Аллаһ тағаланың разылығы үшін тамақ ішіп, жеуден, жыныстық қатынастан ұзақ тұру. Оразаның үкімі. Рамазан айында ораза ұстау парыз ғибадат. Құран кәрімде бұл жайында «Әй, иман келтіргендер! Тақуалыққа жетулерің үшін сендерден бұрынғы үмбеттерге парыз етілген сияқты ораза сендерге де парыз ретінде бекітілді.» Бақара сүресі,183 аят.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уә сәлләм) да ораза жайлы: «Ислам мына бес нәрсеге негізделген: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан айында ораза ұстау және қажылыққа бару» ,- деген.

Құранда айтылғандай, ораза, да намаз секілді. Адам атадан соңғы пайғамбар Мұхаммедке (саллаллаһу әләйһи уә сәлләм)  дейін барлық үмметтерге парыз етілген құлшылық болып табылады.

Қасиетті құран кәрімде Аллаһ тағала: «Сендердің араларыңда кімде кім Рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын. Сырқат немесе жолдаушылар ораза айында ұстай алмаған күндерін басқа күндері ұстасын.» — делінген. Яғни Ораза айында ауыз бектікен адам сырқаттанып немесе жолаушы болатын болса, осы ай өткеннен кейін күніне күн толықтырады.

Рамазан айы момын мұсылманның жан дүниесіне рахат сыйлайтын ай.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Рамазан айы кіргенде жәннат есіктері ашылады, Жәһаннам есіктері жабылады, Шайтандар шынжырмен байланады.» делінген. Ал осы хадистегі жаннат есіктері ашылады дегені, аузы берік адам таңның атысынан күн батқанға дейін ішіп жеуден тыйылып қана қоймай, өтірік айту, өсек аяаң, жаман сөз жалпы нәфсани нәрселерден алыс болады сол арқылы оның әрбір қадамына сауап жазылып  қана қоймай, жүрер бағыты да  жаннат болмақ. Жаһаннам есіктері жабылады дегені күнәдан алыстаған ,өз нәфсісіне иелік ететін адамға жаһаннам алыс болмақ. Ал оразасымен Аллаһтың құзырындағы момынды азғыра алмаған шайтанның бұғаулануы емей немене.

 Жаратқан иеміздің мойнымызға жүктелген құлшылықтарға, басқа түскен қилы оқиғаларға төзімділік танытып, Жаратқаннан күдер үзбек, алдап-арбап тұзаққа түсіріп, опық жегізер күнәләрға қарсы сабырлы болу – діннің жартысы. Ал ораза – сабырды жартысы.

Оразаның теңдесіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Үмәма (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған: «Ораза ұста, өйткені оған тең келер құлшылық жоқ», — деді.». Пайғамбарымыз (саллаллаһу әләйһи уә сәлләм)  «Жұмақта «Раййан»  деп аталатын есік бар,ол есіктен тек ораза ұстағандар ғана кіре алады» — деу арқылы ораза ұстаушылардың Жаннатта арнайы құрметке бөленетінін сүйіншілеп жеткізді.

Аллаһ тағала жер бетін жайнаған дастархан етіп жайып, жербетіне жіберген адам баласына ұсынған. Күніге көктен мың бір рызығын төгіп, бірі таусылса басқасын толассыз жіберуде. Қыс-жаз демей әр маусымның өзіне тән жемістерін сыйға тартып, біздің қажеттерімізді өзінің Ар-Разақ сипатымен ризықтандыруда. Алайда біз кей уақытта ғапылдыққа салынып өзімізге берілген сансыз нығметтің қадірін ұға алмай жатамыз. Міне, бір уақыт аш қалу арқылы осы сансыз нығметтердің қадірін ауызашар сәтінде тұла бойымызбен сезініп, «Әлхамду лиллаһ» дейміз. Пайғамбарымыз бір көркем хадисінде: Ораза ұстаушының екі қуанышыты сәті бар: біреуі ауыз ашар, екіншісі – Алааһ тағалаға қауышқан сәті. Міне ауыз бекітуімізбен біз  Рахман һәм Рахим иесінің ұлылығын бір ақ сәтте мойындаймыз.

Оразаның дұрыс атқарылуының басты шарты ниет. Басқа құлшылықтардағы секілді ораза ұстауда да ниет- шарт. Рмазан оразасы әрі басқа да оразалар ғибадат болғандықтан ниет ету қажет. Ғибадат Аллаһ тағаланың бұйрығымен тек қана Оның разылығы үшін, құлдың өз қалауымен жасалады. Өз қалауы мен ынта –ықыласы ниетсіз іске аспайды.Пайғамбарымыз: (с.а.у) бір хадисінде: «Таң намазынан бұрын оразағаниет етпеген кісінің оразасы жоқ»- деп айтылған. Кез келген оразаға жүрекпен нрет ету шарт . Ниетсіз ораза дұрыс болмайды. Ал оны тілмен айту – мұстахап.

Биыл ораза айындағы пітір садақасы еліміз бойынша 150 теңге болып белгіленді.Ол пітір садақасын ораза айының бірінші күнінен бастап берілуі керек. Кейбір адамдар айт намазына дейін беруге болады деп кешіктіріп алады да айт намазы өткеннен кейін беріп жатады. Ол негізен пітір емес садақа болып қалады.

Қорыта айтқанда он бір айдың сұлтаны болған біздерге Рамазан айының рахметі мен берекеті болғай. Әмин!

 Е.Орын

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы орынбасары,

«Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы.

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу